Халықаралық Түркі академиясы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік у...
Шығыстану факультеті: білікті мамандар даярлайтын орын
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең таңдаулы әрі жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, университетте 15 факультет, колледж, 7 ғылыми – зерттеу институттар бар. 15 факультет ішінен шығыстану факультетін атап кеткім келіп тұр. Шығыстану факультеті – Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шығыс тілдерді үйретуші факультет болып табылады. Шығыстану факультеті 1989 жылдың 15 мамырында құрылған еді. Осы жылы бұл факультетке 30 жыл толмақ. Қазіргі таңда, бұл факультетте 4 мамандық бойынша студенттер білім алып жатыр. Атап айтқанда, шығыстану, аударма ісі, шетел филология және түріктану мамандықтары бар. Бұл университетте студенттер 8 шығыс тілдің ішінен өзіне ұнайтын таңдап үйрене алады. Жалпы мынандай тілдерді оқи аласын: қытай тілі, араб тілі, корей тілі, жапон тілі, түрік тілі, парсы тілі, үнді және урду тілдер. Шығыстану факультіндегі студенттерге өте көп мүмкіндіктер берілген. Жыл сайын оқитын тілі мен мамандығы бойынша олимпиадалар, әртүрлі сайыстар өткізіледі. Жүлделі орын алған студенттерге шетелге барып, бір жыл немесе жарты жыл оқитын мүмкіндіктер беріледі. Олар өздерінің тілдік деңгейлерін көтеруге көмектесетін тамаша мүмкундік болып табылады. Сонымен қатар сол елдердің мәдениетін, тарихын тереңдеп білуге көмектеседі.
Шығыстану факультеті – ҚазҰУ – дың керемет факультеттерінін бірі деп санаймын.
Әл Фараби атындаығ Қазақ Ұлттық Университетінің
Шығыстану факультеті:
Мақала авторы: Диханбаева Карина, 4курс
Жетекшісі: Маулит Бақытнұр