Рамазан айында Аллаһтың 99 есімін жаттап алыңыз

САЛТ-ДӘСТҮР
9734

Неге дейсіз бе? Егер, Аллаһтың көркем есімдерін жатқа қайталап, содан соң тілегіңізді айтатын болсаңыз, міндетті түрде орындалады екен. Бұған Құран Кәрімдегі «Ағраф» сүресінің 180-аяты дәлел. Онда «Аллаһтың көркем есімдері бар, солар арқылы Оған дұға қылыңдар. Оның есімдерін теріске шығарғандарды қоя беріңдер, олар қолекі істегендерінің сазайын тартады» делінген. Ал, Бұхари жеткізген (әд-Дағуат кітабында № 6047) риуаятта Алланың елшісі былай дейді: «Алланың тоқсан тоғыз, яғни бірі кем жүз есімі бар. Кімде-кім соларды жаттаса жәннатқа кіреді. Ол (Алла) – тақ әрі тақ санды жақсы көреді». 

Көркем есімдердің адамның жаны мен тәніне тигізетін рухани әрі шипалық пайдасы да мол екен. Сондай-ақ, біз білмейтін бұдан басқа да кереметі көп. Оны жаттап, әр күні қайталап жүрген адам ғана білсе керек?! Олай болса, Жаратушының ұлы есімдерін жататуды бүгін, яғни қасиетті жұма күні бастайық. Әр күні 4 көркем есімнен жаттайық! 

10-мамыр күні жаттаймыз:

1. Алла (Аллаһ) – Әлемдердің Жаратушысы, Иесі. 

2. Ар-Рахман – Аса рақымды, Аса мейірімді. 

3. Ар-Рахиим – Мейірбан, Ерекше мейірімді. 

4. Әл-Мәлик – Патша, билік Иесі. 

11-мамыр күні жаттаймыз:

5. Әл-Қуддуус – Аса қасиетті, Киелі. 

6. Әс-Сәләәм – Бейбітшіл. 

7. Әл-Мумин – Аса сенімді. 

8. Әл-Муһәймин – Толық басқарушы. 

12-мамыр күні жаттаймыз:

9. Әл-Азииз – Үстем, Аса даңқты, құдіретті. 

10. Әл-Жаббаар – Бойсұндырушы, Аса құдіретті. 

11. Әл-Мутәкәббир – Тәкаппар, Аса жоғары. 

12. Әл-Хаалиқ – Жаратушы. 

13-мамыр күні жаттаймыз:

13. Әл-Баари – Жоқтан бар етуші. 

14. Әл-Мусаууир – Бейнелеуші. 

15. Әл-Ғаффар – Кешірімшіл, Аса кешірімді. 

16. Әл-Қаһһар – Өктем, шексіз қаһар Иесі. 

14-мамыр күні жаттаймыз:

17. Әл-Уаһһаб – Сый беруші. 

18. Ар-Раззақ – Ризықтандырушы. 

19. Әл-Фаттах – Жеңуші, Ашушы. 

20. Әл-Алиим – Бәрін Білуші. 

15-мамыр күні жаттаймыз:

21. Әл-Қаабид – Тарылтушы. 

22. Әл-Баасит – Кеңейтуші. 

23. Әл-Хаафид – Төмендетуші, Түсіруші. 

24. Ар-Раафиъ – Жоғарылатушы, Биіктетуші. 

16-мамыр күні жаттаймыз:

25. Әл-Муъиззу – Даңқты асырушы, жеңіс беруші. 

26. Әл-Музиллу – Дәрежені төмендетуші. 

27. Әс-Сәмииъу – Бәрін Естуші. 

28. Әл-Басиир – Бәрін Көруші. 

17-мамыр күні жаттаймыз:

29. Әл-Хакам – Қазы, Төреші. 

30. Әл-Адл – Әділетті. 

31. Әл-Латииф – Жұмсақ, Мейірімді. 

32. Әл-Хабиир – Бәрінен Хабардар. 

18-мамыр күні жаттаймыз:

33. Әл-Халиим – Ұстамды, мейірімді. 

34. Әл-Азиим – Ұлық, Ардақты. 

35. Әл-Ғафуур – Кешіруші, Кешірімді. 

36. Әш-Шәкуур – Алғыс Иесі, жақсылыққа қарымта қайтарушы. 

19-мамыр күні жаттаймыз:

37. Әл-Алий – Асқақ, Бәрінен Биік. 

38. Әл-Кәбиир – Үлкен, Аса зор. 

39. Әл-Хафииз – Сақтаушы, қорғаушы. 

40. Әл-Муқиит – Қорек беруші. 

20-мамыр күні жаттаймыз:

41. Әл-Хасииб – Есептеуші. 

42. Әл-Жәлиил – Аса ұлық, аса мәртебелі. 

43. Әл-Кәриим – Аса жомарт. 

44. Ар-Рақииб – Бақылаушы. 

21-мамыр күні жаттаймыз:

45. Әл-Мужииб – Жауап беруші, тілекті қабыл алушы. 

46. Әл-Уаасиғ – Кеңпейілді, Бәрін қамтушы. 

47. Әл-Хакиим – Дана, хикмет Иесі. 

48. Әл-Уадууд – Сүюші. 

22-мамыр күні жаттаймыз:

49. Әл-Мәжиид – Даңқты, Ұлы. 

50. Әл-Баағис – Қайта Тірілтуші. 

51. Әш-Шәһиид – Куәгер.

52. Әл-Хаққ – Ақиқат, Хақ.

23-мамыр күні жаттаймыз:

53. Әл-Уакиил – Қамқор, Уәкілдік етуші. 

54. Әл-Қауий – Қуатты, Күшті. 

55. Әл-Мәтиин – Өте Берік, Мықты. 

56. Әл-Уалий – Дос, Жанашыр. 

24-мамыр күні жаттаймыз:

57. Әл-Хамиид – Мақтаулы. 

58. Әл-Мухсии – Бәрін есептеуші. 

59. Әл-Мубдии – Бастаушы. 

60. Әл-Муғиид – Қайтарушы. 

25-мамыр күні жаттаймыз:

61. Әл-Мухии – Тірілтуші. 

62. Әл-Мумиит – Өлтіруші. 

63. Әл-Хайй – Мәңгі Тірі. 

64. Әл-Қаййум – Өздігінен Тұрушы. 

26-мамыр күні жаттаймыз:

65. Әл-Уаажид – Табушы, Бай. 

66. Әл-Мәәжид – Игілікті, Даңқты. 

67. Әл-Уаахид – Жалғыз. 

68. Ас-Самад – Мұңсыз, Мұқтажсыз. 

27-мамыр күні жаттаймыз:

69. Әл-Қаадир – Құдіретті. 

70. Әл-Муқтадир – Бәріне құдіретті. 

71. Әл-Муқаддим – Алға шығарушы. 

72. Әл-Муаххир – Артқа қоюшы. 

28-мамыр күні жаттаймыз:

73. Әл-Әууәл – Ең бірінші. 

74. Әл-Аахир – Ең соңғы. 

75. Аз-Зааһир – Айқын, Бәрінен жоғары тұрушы. 

76. Әл-Баатин – Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы. 

29-мамыр күні жаттаймыз:

77. Әл-Уаали – Әмірші. 

78. Әл-Мутәәли – Бәрінен Биік. 

79. Әл-Барр – Ізгі, күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі. 

80. Әт-Тәууәәб –Тәубені тез қабыл алушы. 

30-мамыр күні жаттаймыз:

81. Әл-Мунтәқим – Кек қайтарушы. 

82. Әл-Афуу – Ғафу Иесі, Кешірімді. 

83. Ар-Раууф – Мейірбан.

84. Мәәликул-мулк – Патшалықтардың, Биліктің Патшасы, Иесі. 

31-мамыр күні жаттаймыз:

85. Зул-жәләли уал-икрам – Ұлылық пен Жомарттықтың Иесі. 

86. Әл-Муқсит – Өте әділетті. 

87. Әл-Жаамиғ – Жинаушы. 

88. Әл-Ғаний – Бай, ештеңеге мұқтаж емес. 

1-маусым күні жаттаймыз:

89. Әл-Муғний – Байытушы. 

90. Әл-Мааниғ – Тыйым салушы, Тоқтатушы. 

91. Ад-Даарр – Зияндық беруші. 

92. Ән-Наафиғ – Пайда беруші. 

2-маусым күні жаттаймыз:

93. Ән-Нуур – Нұр Иесі, нұрландырушы. 

94. Әл-Һәәди – Туралыққа бастаушы. 

95. Әл-Бәдииғ – Көркем Жаратушы. 

96. Әл-Баақи – Мәңгі қалушы. 

3-маусым күні жаттаймыз:

97. Әл-Уаарис – Мирасқор. 

98. Ар-Рашиид – Туралыққа Нұсқаушы. 

99. Ас-Сабуур – Аса сабырлы. 

Аллаһтың 99 есімін жаттап алған соң, күніне бір рет қайталауды дағдыға айналдырсаңыз, ауру да, бақытсыздық пен сәтсіздік те сізге жоламайтыны анық-ақ. (сурет ашық дереккөзден алынды) 

Жазира СМАҒҰЛОВА, 

ERNUR.KZ 

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...