Астанада ұлттық ат спортынан Азия чемпионаты мәресіне жетті

САЛТ-ДӘСТҮР
3642

Астанада ұлттық ат спортынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Спортшылар теңге ілу және аударыспақтан бәсекелесті, деп хабарлайды sports.kz. 

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей Тәжікстан, Түркия, Қытай және Ауғанстан елдерінің спортшылары қатысты. Ал жүлде қоры 14 миллион теңгені құрады.  Бәсекеде қазақстандықтардың мерейі үстем болды. Абсолютті дәрежеде 23 жасар Арман Сағымбаев  чемпион атанды. «Мен абсоютті салмақта жеңімпаз атанамын деп ойлаған да жоқпын. Өйткені менің өз қарсыластарымнан салмағым жеңіл еді. Әрине, көптен бері бұл белбеуді армандаушы едім. Енді алда болатын Қазақстан чемпионатына дайындаламын»,- дейді қуанышын бөліскен жарыс жеңімпазы.


madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...