Президент Жазушылар одағының жұмысына жоғары баға берді

Жаңалықтар
1143

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жазушылар одағының тқрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады. Бұл туралы  madeniportal.kz мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет  биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі жайлы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы Жазушылар одағының жұмыстарына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...