«Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі: Нәзік жандылар да зорлық-зомбылық әрекеттеріне жиі барады

Жаңалықтар
592

Қазіргі таңда біз үшін «Жаңа адамдар » қозғалысына күніне бір адам қосылуға ниет білдірсе, соның өзі нәтиже.


Өткен жылы «Жаңа адамдар» қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді шешу үшін көптеген көше акцияларын өткізді. Осы орайда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Бәденова жылды қорытындылап «ARMAN ABDOLLA» YouTube каналына сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal.kz ақпарат порталы.

Қазіргі қоғамда әйелдерді ұрып-соғу және өлтіру неліктен үйреншікті нәрсеге айналып кеткен деген сауалға «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі төмендегідей жауап берді.

Бұл - үлкен проблема. Қазіргі қоғамда жұдырығын ала жүгіретіндердің саны өте көп. Бірақ процентпен алып қарасақ зорлық-зомбылыққа барғандардың ішінде ер адамдадың үлесі басым. Оның ішінде біреудің күйеуі, біреудің әкесі және шенеуліктер де бар. Алматыда өткен акцияға қатысушылармен біз алдын-ала кездесіп, оларға өз талабымызды қойған болатынбыз. Ол жерде қатысушылардың басты міндеті - өз басынан өткен оқиғалармен бөлісу болды. Нәтижесінде біздің елде әйел адамдар да ұрып-соғудан алыс емес екеніне көз жеткіздік. Нәзік жандылар балаларға, оқушыларға, студенттерге және өз пациенттеріне күш көрсететін болып шықты. Сондықтан аталмыш мәселенің ауқымы өте кең. 

Қоғамда болған шулы оқиғадан кейін ел халқы жаппай петиция жинауға кіріскенін бәріміз білеміз. Әсел Бәденованың сөзінше, мұндай петициялардан үлкен нәтиже күтудің қажеті жоқ.

Менің білуімше билік басындағылар петицияға байланысты жұмыс істеуді бастап кетті. Бірақ біздің бақылауымыз бойынша одан лайықты нәтиже шықпайды, сондай ақ бұл жерде заңды күшейту де сіз ойлағандай мәселені түбегейлі шешпейді. Иә, белгілі бір деңгейде оң өзгерістерге әкелуі мүмкін бірақ түп-тамырымен жұлып тастай алмайды. Бұл жерде адамдардың ой-өрісі, сана-сезімімен жұмыс істеу керек.

 «Жаңа адамдар » қозғалысының жетекшісі жаңа Қазақстанда ешқандай өзгеріс жоқ, барлығы баяғыша өрбіп жатыр деген сөзге төмендегідей пікір білдірді. 

Мен үшін жаңа Қазақстанға сенім арту жай бір орында отырумен шектеледі. Ал мен әрекет ететіндердің қатарынанмын. Қазіргі таңда біз үшін «Жаңа адамдар » қозғалысына күніне бір адам қосылуға ниет білдірсе, соның өзі нәтиже. Біздің орындалып жатқан жоспарымыз  осы.

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...