Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше әншілер марапатталды. Олардың ішінде Роза Рымбаева, Димаш Құ...
Венецияда Қазақстан кинематографы таныстырылды
75-Венеция кинофестивалінде Қазақстан кинематографиясының презентациясы өтті. Италияның Лидо аралында ұйымдастырылған шарада отандық жаңа кинотуындылардың таныстырылымы болды.
Презентация шымылдығын «Еуразия» кинофестивалінің президенті әрі Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева ашты. «Қазақстанды аш: аудиовизуалды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты бұл шарада Эмир Байғазиннің «Өзен», Хуат Ахметовтың «Әруақ» ,Джеффри Веспаның «Әміре» кинотуындылары және «Талан» , «Алмас қылыш» , «Анаға апарар жол» фильдерінің трейлерін шетелдік көрермендер тамашалады. Сондай-ақ фестивальде еліміздің Мәдениет және спорт министрілігі құрылтайшысы болып табылатын «Еуразия» кинофестивалі таныстырылды.
Айман Мұсаходжаева, «Еуразия» кинофестивалінің президенті, ҚазҰӨУ ректоры:
- Біздің фестиваль отандық киноны танытуға басымдық береді. Бүгін Қазақстан алғаш рет отандық кинематографты Венеция кинофестивалі аясында таныстырып отыр. Бұл шара біздің киномыз бен мәдениетіміздің дамуына әсер ететіндіктен, қазақ кинематографистері мен мәдениет қайраткерлері үшін өте маңызды оқиға болып отыр. Бұл шараның киномызды, мәдениетімізді әлемге танытуда ықпалы зор.
Мәдени шараға италиялық ANICA компаниясының халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабиле, Rai телекомпаниясының өкілі Карло Жантиле мен Италия мәдениет министрлігінің өкілдері мен отандық киногерлер Самал Еслямова, Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талғат Теменов, Санжар Мәдиев қатысты.
Самал Еслямова, актриса:
- Әрине бүгін біздің презентацияға адамдар келіп,қызығушылығын танытты. Енді әрине бүгін мен қуаныштымын осында біздің отандасымыздың киносы ұсынылып жатыр. Жүлдеге ие болуын тілеймін. Мұндай шаралар өте берсін, Қазақстанның киносы жоғарылай берсін, деңгейі көтеріле берсін, гүлдене берсін.
Талғат Теменов, кинорежиссер:
- Әсіресе әріптестер италияндықтар, ағылшындар, басқа мемлекеттің адамдары қазақ киносына өте ыждаһаттықпен, сүйіспеншілікпен, ынтызарлықпен көрді деуге болады. Біз бұған қуаныштымыз. Өйткені бүгінгі күнде қазақ киносы басқа биікке көтерілген кино.
Презентация аяқталған соң Санта Мария Елизавета шіркеуінде Қазақ мемлекеттік оркестрі «Солистер академиясының» классикалық музыка концерті өтті. Концертте дирижер Бақытжан Мұсақожаеваның сүйемелдеуімен скрипкашы, Қазақстанның халық артисі контр-тенор дауысты Батыржан Смақов өнер көрсетті.
Авторы: Табиғат Нұрболат