Нұр-Сұлтанда балаларды ақысыз сүндеттеу акциясы өтеді

Жаңалықтар
1974

Елордалық ауруханалар мен емханаларда балаларды ақысыз түрде сүндеттеу бойынша «Сүндет-2019» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Әдетте аталмыш қызмет түрі медициналық ұйымдарда ақылы негізде көрсетіледі. Оның құны орта есеппен 25 мың теңгені құрайды. Акцияны ұйымдастырушылардың пікірінше, ол көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек болмақ. Елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаланың 4 ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға «циркумцизия» (сүндеттеу) бойынша тегін медициналық қызмет көрсету үшін 4 медициналық ұйым белгіледі», - делінген баспасөз ақпаратында. 

Барлық медициналық ұйымдарда 2-5 операция жасау қарастырылған. Ол үшін хирургтар мен урологтардың бригадасы жұмылдырылады. 

«Әрбір медициналық мекемеде операцияны бір уақытта бес хирург жүргізетін болады. Операциялар ағымдағы жылдың 7-8 маусымында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, операция жүргізуден бөлек балаларға естелік сыйлықтар дайындалған. «Сүндет-2019» акциясына қатысу үшін өтінімдерді аудандық әкімдіктер 2019 жылдың 31 мамырынан 6 маусымына дейін қабылдайды. Өтінімді беру және тізімге енгізу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 36-11-26 («Алматы» ауданы), 55-73-77 («Байқоңыр» ауданы), 55-72-93 («Есіл» ауданы), 55-74-79 («Сарыарқа» ауданы)», - деді әкімдіктен.

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...