Бүгін алғашқы жұмыс күнім аяқталды. Құттықтауларыңызға рақмет. Мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те ме...
«Біз болмасақ, Димаш та болмас еді». Мәдениет министрлігінің шенеунігі солай деді.
Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітованың «Қазақстандық жас орындаушыларды шетелге шығару» бағдарламасы туралы айтқандары - Димаштың жанкүйерлеріне аса ұнамады. Шенеуніктің айтуынша, мәдениет министрлігі қазақстандық таланттар танымал болу үшін «ішпыстырарлық», «тыныш» жұмыстар атқарады.
Осы сұхбатты назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік:
«Димаш – бұл, мүмкін, ғасырда бір рет пайда болатын талант. Оны уақытында байқадық. Бірақ кез-келген таланттың, тіпті осындай дарынның да алдында тұру, есту, өзімізді тану міндеті тұр. Біз бұл туралы ұзақ және жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз. Әрине, бүгінде біз керемет әртісімізбен бірге қуанамыз, бірақ, қайталап айтам, бұл өзімізді кеудеге ұрып, мақтануға себеп емес», – деді Күміс Сейітова сұхбатында.
Ол мәдениет министрлігінде Қазақстанның әлемге танымал болуына байланысты бірқатар арнайы жұмыс бағдарламалары бар екенін айтты. Солардың бірі – «Қазақстанның жас орындаушыларын шетелге шығару».
«Жұмыстың ең маңызды кезеңі – қуатты потенциалы бар әншіні анықтау және оған алдымен Қазақстанда гастрольдік сапарларға шығуға, атаққа ие болуға, содан кейін өзін шетелде жариялауға мүмкіндік беру. Аймақтық әртістер мен музыкалық топтар үшін шетелдік гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған жеке бағдарлама бар. Біздің Димаш, мысалы, Қытайдың концерттік залдарын күтпеген жерден жарып жіберді. Бәрі содан басталды. Оған дейін оны тек Қазақстанда ғана жақсы көретін», – деді Сейітова.
Ол сонымен бірге мемлекет жас дарындарды қолдайды, өйткені жеке продюсерлер табыс әкелетін талантты әншілермен жұмыс істеуге тырысады.
«Біздің қазақстандық шоу-бизнесті жеке продюсерлерге толығымен беру қате болар еді. Бұл біздің мәдениетті толығымен деградацияға алып келетіндігімізді білдіреді. Біз мәдениетті күзететін бөлім ретінде бұған қарсы тұруымыз керек. Біз нағыз руханият әкелетін нәрсені ілгерілетуіміз керек. Егер біз мұны жасамасақ, егер біз оны жіберіп алсақ, онда Димаш ешқашан пайда болмас еді. Яғни, ол, әрине, болған болар еді. Мүмкін ол өзінің туған қаласында да жақсы өнер көрсетіп жүрер еді», – деді Сейітова.
Қарсы жауапты да оқи отырыңыздар:
Димаштың жанкүйерлері Мәдениет министрлігінің супер жұлдызды қалыптастыруға қосқан үлесінің маңыздылығына наразы болды. Жанкүйерлердің айтуы бойынша, Димаштың танымалдылығына, ең алдымен, үлкен талант, үлкен еңбек және ата-анасының қолдауы себеп болған.
«Мәдениет министрлігі өзінің тікелей міндеттерін орындады (жол жүру, тамақтану және т.с.с. қаржыландырады) және қазір өзінің маңыздылығы туралы айтады – бұл өте өрескел», – деп жазады желі қолданушылары.
Бірақ Димаштың халықаралық жарыстарға қатысуы үшін министрлік ақы төледі деп еске салғандар да болды. Димаш сол үшін бірнеше рет Қазақстан билігіне ризашылығын білдірді дейді.
«Димашты шоу-бизнеске қабылдамады. Олар оны Қытайдан келгеннен кейін ғана қабылдай бастады. Оған мемлекеттен басқа ешкім көмектеспеді. Ол сондықтан мемлекетке алғысын білдірді», – дейді мәдениет министрлігін жақтаушылар.
Ал сіздер не дейсіздер?
madeniportal.kz