Нұрәлінің арманы қандай?

Жаңалықтар
1249

Фото: Анель Қанатқызы 

13 жасар композитор туралы не білеміз? Нұрәли Бейсеқожа кімге еліктейді?

«Асыл тастан, ақыл жастан» дейтін еді. Қазақтың ән өнері қашан да биікте. Найманбайдың Әсеті бір төбе де, Қалдаяқтың Шәмшісі бір төбе. Осындай алыптардың ізін басып, үзілгенін жалғап жүрген жас дарын Нұрәли Бейсеқожа атты композитормен және сол дарынды дүние әкелген анасымен аз-кем әңгіме өрбіткен едік. Мархабат.

Ruh.kz: Нұрәли алғашқы әнін қашан жазып еді?

Анасы: Жалпы әнге қызығушылығы, зердесі 4 жасында пайда болды. Алты жасында алғашқы әнін жазды. Ол әні маған арналған «Анашым» деп аталатын туындысы еді. 

https://www.youtube.com/watch?v=hm78mCkDFmU

Ruh.kz: Шығармашылық адамын қалай тәрбиелейсіз?

Анасы: Тәрбие жөні бөлек. Бұл баланың өзіндік ерекшеліктері жетіп артылады. Сондықтан дауыс көтеруге бармаймыз. Және оған дейін апарған да емес. Үлкендермен сөйлескенді, әңгімесін тыңдағанды жақсы көреді. Сол сөйлесу барысында аздап ақылымызды айтып қоямыз. Ерте жастан өнермен әуестенген соң ба салмақтылығы, ашықтығы арқасында екі қайталатпайтындықты бойына сіңіріп, қалыптастырды. Бұзықтығы жоқ. Сол үшін де тәрбиесіне аса алаңдамаймыз. Шығармашылық адамы болған соң Нұрәлидің мазасын ала бермейміз. Өзінің уақыттары мен қызығушылықтары бар. Өз бетімен өз ісімен айналысады. Сөзінің салмақтылығы, бос сөйлеметіндігі үлкен адамға тән. Сонысы сенім ұялатады. 

Ruh.kz: Отбасында басқа да өнер адамдары бар ма?

Анасы: Нұралидің екі ағасы бар. Нұрсәт Бейсеқожа мен Ғаламат Бейсеқожа да күйші, композитор. Екеуінің де отыздан астам күйлері бар. Осы үш композитордың анасы болып, үш бірдей өнер адамының ортасында өмір сүріп келеміз.

Ruh.kz: Нұрәлидің өзін біраз тергеп көрелік. Сүйікті әншің кім?

Нұрәли: Сүйікті әншілерімнің бірі – Димаш Құдайберген. Әлем таныған тұлғаның өнеріне тәнтімін.

Ruh.kz: Нені армандайсың?

Нұрәли: Өнер саласында танылуды қалаймын. Үлкен-үлкен сахналарда қазақтың жас композиторы болып өнер көрсетуді армандаймын. Димаш Құдайберген сияқты жеке кештерімді беруді қалаймын. Әлемнің назарын қазақ өнеріне бұрып, қазақ өнерін әлемге танытсам ба деймін. Әлемге танымал, білікті де білімді композитор болуды армандаймын.

Ruh.kz: Бәрекелді! Шығармашылығың сабағыңа кедергі келтірмей ме?

Нұрәли: Жоқ. Шығармашылық өз алдына да, сабағым өз алдына. Және өнер адамы болғандықтан ұстаздарым да талабыма тілекші болып, түсіністік танытады.

Ruh.kz: Жас композитордың бір күні қалай өтеді?

Анасы: Таңертең сабағына кетеді. Таңертең музыкалық сабақтарына, түстен кейін мектептегі сабақтарына барады. Сабақтан соң үйде болады. Пианиносында ойнайды, т.б..

Демалыс күндері табиғат аясында болуды қалайды. Мүмкіндігімізше отбасымызбен серуенге шығып, таудың таза ауасымен тыныстап қайтамыз. Қыдырғанды жақсы көреді (күліп). 

https://www.youtube.com/watch?v=SXwwJFvmeY8

Ruh.kz: Тамаша! Талабыңа нұр жаусын! «Ұлдарыңыз нағыз азамат болып ержетсін» деп тілейміз. Сұқбатыңызға рақмет!

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...