Өзбекстан Жалаңтөс батыр туралы фильм түсірді

Жаңалықтар
148

Өзбек кинематографистері Самарқан әмірі, Регистанды құрған атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап тарихи көркем фильм түсірді. Премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңына жоспарланған екен. O’zbekkino фильмнің трейлерін жария етті, деп хабарлайды madeniportal.kz  kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Джахангир Ахмедов түсірген «Амир Баҳодир Ялангтўш» фильмінің шайқас көріністері қазақстандық Nomad Stants каскадерлар тобының қатысуымен түсірілген. 

Бұл команда Халықаралық каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алған.

Команда көптеген голливудтық фильмдердің шайқас сахналарында жұмыс істеген, олардың соңғысы — режиссер және продюсер Ридли Скотттың «Наполеон» фильмі.

Фильмде өзбек актерлерімен бірге Қазақстан мен Қырғызстанның кино жұлдыздары да бой көрсеткен.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...