Еxit poll: Сайлаушылардың 70,13 проценті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді

САЯСАТ
3505

Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың -70,13 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды. Сонымен, Exit-poll нәтижесі келесідей: Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 70,13 пайыз, Әміржан Қосановқа - 15,39 пайыз, Дания Еспаеваға - 5,32 пайыз, Жамбыл Ахметбековке - 3,86 пайыз, Төлеутай Рақымбековке - 3,03 пайыз, Амангелді Таспиховқа - 1,41 пайыз, Сәді-Бек Түгелге - 0,86 пайыз дауыс жинады.

Ресми нәтижені Орталық сайлау комиссиясы заңнамаға сәйкес, дауыс берудің нәтижесін 10 күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Exit poll - дауыс берген сайлаушылардың арасында жасырын сауалнама жүргізудің бір тәсілі. Соның негізінде сайлаудың нәтижесіне болжам жасалады.


Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...