Қазақстан сайлаушыларының 77,4 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасын...
Бауыржан Жақып: Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасының саясатын әрі қарай жалғастырады деген ойдамын
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары
Еліміз үшін маңызды тарихи оқиғаға айналған кезектен тыс президенттік сайлауда жалпыхалықтың қолдауымен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 12 маусым күні халық алдында ант беріп, аса мәртебелі қызметіне ресми түрде кірісті. Мемлекет басшысы қызметін уақытша атқарған кезден-ақ маңызды шешімдер қабылдап, нәтижелі жұмыстар жасағаны баршамызға мәлім. Әсіресе, ұлт руханиятына қамқорлық танытып, әдебиетімізге деген ерекше ықыласын көрсетіп келеді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы – көк туымыз алғаш желбіреген күннен бастап мемлекетшіл тұлға ретінде Тәуелсіз Қазақстанның нығаюы жолында еліміздің экономикасы мен әлеуетінің дамуы үшін еңбек етіп келді. Оның дипломатиялық жетістіктерімен қатар, мемлекеттік басқару саласындағы жемісті еңбегі Елбасы тарапынан да лайықты бағаланды. Осы жылдар ішінде мемлекетпен бірге жасасқан оның ел алдындағы және саяси аренадағы беделі мемлекет президенті болуға сай екені айтылып та, жазылып та жүр.
Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде:
«Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету.
Біздің бір ғана Отанымыз бар!
Тағдырымыз – бір!
Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!» -деп, өз ұстанымдарын халық алдында айқындап берді.
Халқымызда «Көреген басшы елді өсіреді» деген сөз бар. Тағдыры бір, Отаны бір Қазақ елінің жаңа белесін бағындырар тұста Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасының саясатын әрі қарай жалғастырып, өзінің көрегендігі мен біліктілігін, парасат-пайымын осы қызметінде айрықша көрсетеді деген ойдамын. Ал, біз, қаламгерлер қауымы ұлт руханиятына қосар еңбегімізбен еліміздің жарқын болашағы үшін қашан да жан аямай қызмет жасауға әзірміз.
Қытаймен қытайша, орыспен орысша, АҚШ, Еуропамен ағылшынша тең дәрежеде сөйлесетін тұлға мемлекет тізгінін ұстап отыр. Өз басым осыған қуанамын!