Кембриджде (Ұлыбритания) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық коми...
Енді қайырымдылық қорлары жаппай тексерілетін болды
Фото: freepik.com
Жоғары аудитор палатасы қайырымдылық қорларының жаппай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың мәліметінше, жұрт жиған жылудың қалай жұмсалып жатқанын тексеру үшін арнайы өзгеріс енгізу керектінін ескертті.
«Біз бүгін арнайы норманы депутаттар назарына ұсындық. Оған сәйкес, жоғары аудиторлық палата тек мемлекет қатысуымен құрылған қайырымдылық қорларын тексеруге қақылы болады», - деді ҚР Жоғары аудитор палатасының төрағасы Әлихан Смайылов.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайырымдылық қорларының шотын тексеріп, жұмсалып жатқан ақшаның қайда кетіп жатқанын тексеруге ешкімнің құқығы жоқ. Бірақ депутаттар жаңа ұсынысты құп көрсе, мемлекеттің қатысы бар қордың барлығы тексерілетін болады.