Ержан Максим мен Қайрат Нұртас елордалықтарға тегін концерт береді

МУЗЫКА
1684

3 тамыз күні ЭКСПО көрмесінің жазғы сахнасында қазақстандық танымал әншілердің концерті өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". 

Жастар жылына орайластырылған концертте Қайрат Нұртас, «Голос.Дети» жобасының финалисі Ержан Максим және Mad Men бойз-бенді өнер көрсетеді. 

«Бұл концерт елорда тұрғындары мен қонақтары үшін керемет сый болмақ. Үш сағаттың көлемінде әртістер жанкүйерлерін хит болған және жаңа әндерімен, әсерлі билерімен қуантатын болады», - деді «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, мұндай концерттер ЭКСПО аумағында 24 тамызға дейін әр сенбі сайын өтетін болады. Сахнада Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев, M’Dee, Say Mo, Dequine және тағы басқа әншілер мен топтардың өнерін тамашалауға болады.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...