Ержан Максим қазақстандық жанкүйерлеріне видео-үндеу жолдады

Жаңалықтар
324

Ержан Максим Қарағандыда өтіп жатқан жас инспекторларының 19 республикалық слетінде өнер көрсетті. Өнерін ортаға паш еткен жас әнші барша қазақстандықтарды жол ережесін сақтап жүруге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі жол ережесін сақтау - әрбір ел азаматының міндеті екенін айтты. Сол себепті, ол аталмыш слеттің мақсатынан шабыттанып, қазақстандықтарға видео үндеу жолдады.Оған қоса, мерекелік шара кезінде Ержан Максим бірқатар ән айтты. Олардың ішінде Муслим Магомаевтың "Синяя вечность" және Эрик Карменнің "All by myself" әндері де бар.


Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, деп...

Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...