Disney мен Pixar студиялары шығарған «Ойжұмбақ 2» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарл...
Алматыда 2023 жылы сейсмоаудитке төрт миллиард теңге бөлінген
Бұл туралы Алматы қаласының әкімінің Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды madeniportal.kz порталы BAQ.KZ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Медеу ауданының тұрғыны сейсмоаудит нәтижелері еш жерде жарияланбағанына наразы.Жыл сайын әкімдік сейсмоаудит туралы есеп береді. Қала бюджетінен 2023 жылы сейсмоаудитке 4 млрд теңгеге бөлінген, бірақ қандай үйлер зерттелді, осы зерттеулер бойынша нәтиже жоқ. Мен сейсмоаудитке жататын объектілердің тізімін беруін сұрап, қандай тексеру әдістері жүргізілетіні туралы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына хабарластым. Бірақ ешқандай жауап ала алмадым. Иә, 16 мың үйге сейсмикалық аудит жүргізілетіні туралы ақпараттан басқа ешнарсе жоқ. Осы ретте, кешегі қайғылы жағдай біздің де басымыздан өтуі мүмкін. 2021 жылдан бастап әкімдікке тау алабындағы еңісті тексеру, нығайту туралы өтінішпен жүгіндім. Бірақ, өкінішке орай, басқармалар бір-біріне сілтеді. Тек 2022 жылы ТЖД мен “Қазселденқорғау” мекемесінің қатысуымен ұжымдық тексеру жүргізіліп, қауіп төнетіні расталды. Себебі бұл төбенің астында тек шаруашылық ғимараттар мен үйлер ғана емес, сонымен қатар сұйытылған газдың үлкен қоры бар тұрғын үй кешенінің қазандығы да бар. Яғни, құдай сақтасын, егер мұндай апат орын алса, зардабы үлкен болмақ,- дейді қала тұрғыны.
Қала әкімі тұрғынның сауалына жауап беріп, ЖТС мәселелерін реттеу керектігін атап өтті.
"Тау самалы" шағынауданында бау-бақша серіктестіктері көп. Сол себептен «жеке тұрғын үй секторы» мәртебесін алу керек. Су құбырлары асара принципімен немесе экономикалық жолмен салынған, тіркелмеген және т.б. Сондықтан ЖТС мәселелерін реттеуге байланысты мәселелер дұрыс. Біз де өз ұсыныстарымызды енгіздік. Себебі бүгінде ЖТС рұқсат құжаттарынсыз салынып жатыр. Меніңше, Алматыда ғана емес, барлық жерде ЖТС құрылысын ретке келтіру керек. Бірақ, сіз сипаттағандай, бүгінгі күні объективті түрде қиын жағдай жоқ. Дегенмен тексеріс артық етпейді, аудан әкімінің атына ресми өтініштер жазыңыз, - дейді қала әкімі.