Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларында ысырапшылдыққа жол бермеу керек - Қ. Тоқаев

Жаңалықтар
931

Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларында ысырапшылдыққа жол бермеу керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталының" тілшісі.  

тінін айтты.

«Келер жылы аталып өтілетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары  басталды. Ендігі жылы Әл-Фарабидің 1150-жылдық, Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойлары атап өтіледі. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, ол ең маңызды мереке - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігін атап өтті. 

«Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол  ашады деп сенемін», - деді Тоқаев.


Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...