Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден...
«Ортеке» VI Халықаралық фестивалі өтті
Сәуір айының 21 мен 29 күндері Алматы қаласында «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен «Ортеке» фестивалінің мақсаты, қуыршақ өнерін дамыту, осы бағыттағы халықаралық байланыстарды арттыру, отандық мамандардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Негізі өз бастауын сонау ерте кезеңнен алатын қуыршақ өнері, аса күрделі де қызықты жанр. Әрбір халықтың, әрбір ұлттың мәдени бастауы, рухани дамуы болады. Қуыршақ өнері осындай үлкен мәдениеттің бастауы болып саналады. Осы өнер мерекесі мемлекеттер арасындағы кәсіби қуыршақ өнерінің дамуына ықпал етіп, өзара ынтымақтастықты арттыратыруда. Фестивалге әр елден келген өнер театрлары мен белгілі өнер қайраткерлері осының айқын дәлелі. Апта бойы өткен өнер мерекесіне Грузия, Түркия, Корея, Өзбекстан, Қырғызстанның және еліміздің қуыршақ театрлары қатысып, балалар мен ересектерге арналған үздік қойылымдарын қойды.
Фестиваль аясында конкурстық және конкурстан тыс спектакльдердің көрсетілімдері Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында, Мемлекеттік қуыршақ театрында және Тотальный театры сахналарында өтті. Фестивальдің конкурстық қойылымдарын құрамында Қазақстан, Корея, Грузия және Түркияның жетекші театр қайраткерлері бар халықаралық қазылар алқасы бағалады. Театр сыншысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Еркебай Анар Сайымжанқызы жетекшілік етті. Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, арнайы номинацияларға ие болды.
«Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік қойылым» номинациясы бойынша Иакоб Гогебашвили атындағы Кутаиси мемлекеттік кәсіби қуыршақ театры Г.Х. Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» қойылымы үшін марапатталады.
«Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Е. Локшинаның «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай» қойылымы үшін марапатталады
«Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік қуыршақ жүргізуші» номинациясы бойынша FFWANG театрының актеры Кван Со Ёнг «Хонг Доджи мен Исими» қойылымы үшін марапатталады.
«Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік сценография» номинациясы бойынша Тотальный театрының суретшісі
Юлия Чернова Г.Х. Андерсеннің «Дюймовочка» қойылымы үшін марапатталады
«Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік қуыршақ суретшісі» номинациясы бойынша «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының суретшісі Асия Курманалина «Ақ кеме» (Ш. Айтматов) қойылымы үшін марапатталады.
Фестивалге қатысқан 14 театр мен 9 жеке тұлғалар Алғыс хатпен марапатталды.
Жалпы фестивалдің жүлде қора аса қомақты қаржыны құрады. Барлық номинация жеңімпаздары үлкен ақшалай сыйлыққа ие болды. Бас жүлде 1300 000 теңге болды.
Қазылар алқасының мүшесі, Шота Руставели атындағы кино және театр Грузин мемлекеттік университетінің профессоры Лаша Чхартишвили "Ортеке" VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің ұйымдастырылуына жоғары бағасын беріп, Қазақстандық театрлардың өнерін ерекше бағалады. Мұндай өнер сайысы халықтарды жақындастырып, рухани байланысты арттырады деген қонақ осы шараның басты ұйымдастырушысы Корей академиялық театрына рахметін айтты. "Ортеке" VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі екі жыл сайын еліміздің әр қаласында өтіп тұрады. Биыл бұл өнер додасы Алматы қаласында өтті.