Ерболат Беделхан халыққа қандай тосын сый жасауда?

Жаңалықтар
1155

Алматыда бесінші қазан күні Q-Fest 2019 ауқымды концерті болады. Аталмыш шара q-pop бағытында өнер көрсетіп жүрген көптеген әншілерді бір сахнада біріктірмек. Биылғы шоу несімен ерекшеленбек?

Q-Fest қарсаңында бір топ продюсер БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, биылғы шоуда қандай қызықтар болатынын айтып берді. Белгілі болғандай, аталмыш шара әдеттегідей Almaty Arena ғимаратында өткізіледі. Бұл жолы концертке бірталай жаңа әртістер қатысып, өз дебютін алатын болады.

Оған қоса, q-pop продюсерлер көрерменді таңғалдырарлықтай дуэттер күтеді деп қызықтырып қойды. Алайда, нақты кімдердің бірігіп ән айтуы мүмкін екенін олар құпия сақтап қалуды жөн көрді.

"Былтыр түрлі Line-up-тар жасалып қызық болды. Осы жолы одан да ерекше әрі күтпеген Line-up-тар жоспарлануда. Басқаша болады. Бұл енді әзірге құпия тосын сый. Жария ете алмаймын" , - деді "Ninety One" тобының продюсері Ерболат Беделхан.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталмыш концерт жылдан жылға жалғасып келе жатқан дәстүрге айналуда. Оның үстіне жыл сайын шараға қатысуға ниет білдіріп жатқан жас өнерпаздардың саны да арта түскен.

Бұл дегеніміз q-pop бағытының дамып, дұрыс жолда келе жатқанын білдіреді дейді продюсердер.

Сонымен қатар, биыл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған Q-pop қауымдастығы құрылды. Ерболат Беделхан бастаған бір топ продюсер аталмыш бірлестіктің құрылуы жөніндегі құжатқа қол қойып, ресми түрде Q-pop орындаушыларының бастарын қосты.

Қауымдастыққа алғашқылардың бірі болып Ayree, MM Entertainment,  Dara Entertainment кірді. Бірлестіктің төрағасы Ерболат Беделхан болды.

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...