Алғысы Алатаудай Азамат ақын

ӘДЕБИЕТ
2712

Жастар жылы аясында елордалық 5-балалар кітапханасында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен С.Аронұлы атындағы филармониясының, М.Төлебаев атындағы халық-аспаптар оркестрінің әртісі, республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, ақын Азамат Нұрмұханмен кездесу кеші болып өтті. 


Туған тілім — туған жерім" атты тақырыпта өткен кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты,  "Егемен Қазақстан"  газеті "Әдебиет және өнер" бөлімінің басшысы, ақын Ерлан Жүніс және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі,«Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, "Алты Алаш" порталының атқарушы директоры, ақын Ербол Бейілхан ізбасар Азаматтың шығармашылығына жоғары баға беріп, өлең өлкесіндегі, өнер айдынындағы қадамына қашанда тілекші екенін айтты. 

Ары қарай "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы..." демекші, поэзия әлеміне бет бұрған Азамат жыр сүйер қауымға өлеңдерін паш етті. Қазақ сөз өнерінің шоқ биігі саналатын өлең жүйесінің сырлы да, құнарлы, мәйектісі қашанда ақынның орақты тілінде болған. Азамат өлеңдерінен туған жерге, ата-анаға деген махаббат лебі сезіліп тұрды. 

Кеш барасында Шалқар радиосының редактор-жүргізушісі Рүстем Жүніс, ІІМ Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы, "Алаш ұстанымы" төсбелісінің иегері, "Шабыт" фестивалінің дипломаты, ақын Бекмұрат Өмірбек, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Қуантаева Меруерт, Нұрсадық Дарын, Жақсығали Ақниет, Жеңісова Гаухар ақынның өлеңдерін жатқа оқыса, Айдос Мақұлбеков, Берік Ержанов, Жандос Смағұлов, "Дәуір" тобы ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Ал Қуат Аманжол, Асхат Арынов, Рахат Бегасылов құйқылжытып күй орындады. Кеш жүргізушісі кітапхананың қоғаммен байланыс және көпшілік шараларын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, жастар жаршысы Сағыныш Дүйсенқызы келген қонақтар мен оқырман оқушыларға ризашылығын білдіріп, кітархана басшылығы атынан құнды кітаптарды тарту етті. 

"Қаламгер" сайтының жетекшісі, ақын Айжан Тәбарак Азамат Нұрмұханға шығармалық табыс тілеп, достық лебізін білдірді. Кеш соңы ақынның сөзіне жазылған "Қазақтың азаматтары" әнімен аяқталды. Және де ақынның алғашқы "Алғыс" атты жыр кітабы қонақтар мен кітапхана оқырмандарына сыйға тарту етілді.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...