Аңыздың бәрі әдемі басталып, әдемі аяқтала бермейді. Кезекті кейіпкерімізді зерттеу барысында,...
Өтірік мақтау
2361
Азамат САТЫБАЛДЫ, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрының директоры:
– Қазіргі кездегі қазақ театрының басты проблемасы – өтірік мақтау. Театрдың аяғына тұсау салып тұрған бірден-бір фактор бұл. Осының кесірінен ненің жақсы, ненің жаман, кімнің тұлпар, кімнің шабын екенін айыра алмайсың.
Кейде мүйізі қарағайдай ағаларымыз болмайтын спектакльді көзіңше мақтап, былай шыға салып даттап тұрғанын көргенде, «қайран Асқар Тоқпанов сынды арыстарым-ай!» дейсің.
…Өтірік мақтап, өнерді өшіргеннен гөрі, шырылдатып шындықты айтып театрды шыңға шығармаймыз ба?
…Бұл менің жеке ойым. Мүмкін қателесетін шығармын. Жеке парақшамда жеке ойымды жазуға толық құқым бар. Менің ойым – қазіргі қазақ театрына реформа керек сияқты
(KAZ.NUR.KZ.).