Абайды кім ұлықтамақ? Кімдер тойламақ?

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – 177
1783

Биылғы басты мерейтой ақынның 175-і емес екенін ішім сезеді (сезу –білу һәм нақты факт емес). Осы жастың жартысына келсе де мемқазынаға мәңгілік міндәкәр болып отырған кісі бар... «Мы говорим Ленин, подразумеваем — партия,Мы говорим партия, подразумеваем — Ленин» деп Маяковский айтпақшы, осы іс-шараның да ұраны осыған саятындай. Алдына ақынды салып қойеееп...Кешелі бері осы мерейтой (ойшылдың) шығынының жалпы көлемі жайындағы ақпарат тарады. Үш млрд! Қала күніне одан әлдеқайда көп жұмсалады да негізі... Жә, мейлі. Бір сәт ойланайықшы. Жалпы, Абайды кім ұлықтамақ? Кімдер тойламақ? Салық пен СЭС-тен иті шыққан ИП-лар ма? Битін сығып, қанын жалап отырған жалғызбасты аналар ма? Қайсы? Әрине, мембюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындар. Оның ішінде алда жүретіндер: ақпарат, білім-ғылым, мәдениет, ішкі саясат салалары. Енді осы аталғандардың ішінен кімнің жүрегі дауалап, іс-шара өткізу үшін жоғары жақтан ақша талап ете алады екен?

Журналистер болмашы қаламақы үшін көлдей мақала жазар, тележурналистер Күлтөбенің басынан түсірілген сюжеттерін талғажау етер, «Қазақстан» ҰА-нан «Құнанбай», «Абай әндері» көрсетілер, Ғылым академиясының ғалымдары бірлесіп бір-екі монография басып шығарар, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде ғылыми конференция өткізілер, мектептердің 1-сынып(!) оқушылары ғылыми жоба қорғар, филармония Абай әндерінен концерт берер, музей экспозициясынан жұлып алынған жәдігерлермен көрме ұйымдастырылар, театрлар 70 жыл репертуардан түспей келе жатқан «Абай» драмасын, операсын қояр, кітапханашылар кітаптарын құшақтап конференция өтіп жатқан жерлерде жүрер, Жазушылар одағында күнде мүшәйра, Семейде «оқырмандар» Т.Жұртбаймен кездесер, Алматыда «ойшылдар» Ғ.Есіммен сұхбаттасар... Былай қарасаң, осы жұмыстарды бюджеттік сала қызметкерлері күн сайын істеп жүр және жалақыдан бөтен ақы сұрамайды. Жыл соңында осы аталған жұмыстарды істедік деп ауыл ауданға, аудан облысқа, облыс министрліктерге есеп береді. Министрлік бәрін жиып-теріп,өзі істегендей етіп үкіметке баяндайды. Үкімет Парламент палаталарының Президент қатысуымен өтетін бірлескен отырысында жылды жабады. Сонымен бітеді! Ал, сіздер үш млрд аз дейсіздер!)))

Р.S. менің ойым жалпы халықтың пікірі емес, қате болуы да мүмкін

Нұрболат Әлменов

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...