Қазақстанның Халық ақыны, жазушы Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі өзі туған Отырар ауданы, Жаңа Ші...
Нұр-Сұлтанда Тәшеновке ескерткіш орнатылады
Елордада Тәшеновке, Қожановқа, Бигелдиновке, Алтынсаринға ескерткіш орнатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен кеңейтілген кеңесте Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының бастығы Нұрлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Оның айтуынша, әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту үшін арнайы қалалық іс-шаралар жоспары бекітілген. Елордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарланған. Сондай-ақ жас ғалымдардың қатысуымен Фараби оқулары, Фарабитанушылар кездесулері, кітап көрмелері, шығармашылық кештер ұйымдарылады.
Елордадағы Оқушылар сарайына Әл-Фараби есімін беру мәселесі де шешіліп жатыр. «Сонымен қатар осы жылы қаңтардың 10-нан бастап соңына дейін қаламызға Әл-Фараби ескерткішін орнатуға конкурс жарияланды. Бұйыртса, ескерткішті биыл орнатамыз деген ойымыз бар. Осы мүмкіндіктік пайдаланып айта кету керек, Әл-Фарабимен қатар бірқатар тұлғаға ескерткіш орнату жоспарда бар. Атап айтқанда, Жұмабек Тәшенов, Сұлтанбек Қожанов, Талғат Бигелдинов, Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне конкурс жарияланды. Ақпан айында конкурс қорытындысы шығады және ең үздік жұмыстар республикалық мемлекеттік комиссияға ұсынылады», - деді Нұрлан Сыдықов.
Басқарма басшысының айтуынша, мұнан бөлек, биыл елордада Абай орталығы салынады. Орталық салынатын орын анықталған. Нақты айтқанда Қазақстанның Ұлттық музейі жанынан бой көтереді. «Мұнан бөлек, қаламызда 6 театр бар. Осы театрлардың барлығында Абайға, Әл-Фарабиге қатысты қойылымдар қойылады. Қазір біз Абайдың тек бір бейнесі сахналанатын қойылымды тамашалап жүрміз. Осы жылы мүмкіндік болса, сол Абайдың жас кезінен, Абайды басқа қырынан танытатын қойылымдар дайындап жатырмыз», - деді ол.