Қазақстанның опера әншісі балконнан ән шырқап, италиялықтарды тәнті етті

Жаңалықтар
2427

Флоренцияда балконнан ән салған Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Анастасия Кожухарова италиялықтарды тәнті етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

«Қымбатты достарым! Құттықтауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет! Отанымнан, отбасымнан, достарымнан шалғайда жүрген мен үшін сіздердің құттықтауларыңыз болмаса, туған күнім кезекті күндердің бірі болар еді. Сондықтан бүгін балконға шығып, сіздер үшін сый жасадым. Ол - Ave Maria. Таң қаларлығы адамдар балконға шығып тыңдады. Сондықтан Тоски ариясын да орындадым. Сіздер үшін», - деп жазды опера әншісі Facebook парақшасында.


Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...