Пара алу күдігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасын...
БҰҰ мен Израиль арасында дау туды
Фотосурет ашық дереккөзден
БҰҰ Халықаралық соты Израильдің Палестина аумағында болуын заңсыз деп танып, оларды жергілікті халықтың құқығын бұзды деп шешті. Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сот шешімін сынға алып, оны "өтірік" деп атады, деп хабарлайды madeniportal.kz
Сот Израиль күштерінің Израильдің халықаралық деңгейде танылған шекарасынан тыс жерде болуы заңсыз екенін айтып, бұл Палестина халқының құқығын бұзады деп шешті.
БҰҰ Халықаралық сотының Президенті Наваф Салам "Израиль мемлекеті басып алынған Палестина аумағындағы әмірін тоқтатуға міндетті"деп мәлімдеді.
Сот сонымен қатар Израиль өзінің барлық қоныстанушыларын Батыс жағалаудан және Шығыс Иерусалим аумағынан эвакуациялап, палестиналықтарға оккупация барысында келтірілген залалы үшін өтемақы төлеуі керек деп шешті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты "Израильдің саясаты мен тәжірибесі басып алынған Палестина территориясының едәуір бөлігін аннексиялаумен тең" деп мәлімдеді,
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сот шешімін сынға алып, оны "өтірік" деп атады.
Соттың қорытындылары БҰҰ Бас Ассамблеясына жіберіледі.Енді резолюция қабылдау жайы мен алдағы қадамдар нақтыланады.