Қадыр Тайшықов атындағы сатиралық шығармалар онлайн байқауы

ОНЛАЙН-КОНКУРС
34870

Қадыр Тайшықовтың атындағы онлайн байқауының қортындысы шықты


положение на русском языке



Павлодар облысының тумасы, көрнекті жазушы, сатирик, аудармашы, журналист, сазгер Қадыр Тайшықовтың туғанына 120 жыл толуына орай өткізілетін сатиралық шығармалардың республикалық онлайн байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқау қазақ сатирасының негізін салушылардың бірі, жазушы Қадыр Тайшықовтың 120 жылдығына арналған. Байқауға сатира жанрында жазылған шағын әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.

Байқауды Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Мәдениет порталы», облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы мен «Ақбеттау» журналы ұйымдастырып отыр.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:


- сатириктердің ең жақсы шығармаларының үлгілері бойынша жас ұрпақтың рухани, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру;
- әдеби шығармаларды кеңінен насихаттап, оны оқырман қауымға, жас ұрпаққа патриоттық, азаматтық және көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралы ретінде пайдалану;
- дарынды сатиралық-қаламгерлерді қолдау және олардың әдеби туындыларын насихаттау;
- сатира жанрын насихаттау және осы жанрдағы жазушылар мен ақындарды қалың оқырманға таныстыру;
- жас мөлшеріне қарамай, сатираға қабылетті қаламгерлердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру; 
- мәдени мұраны насихаттау және оны дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету.


Байқаудың талаптары және өткізу мерзімдері:


  • Конкурсқа барлық қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады, жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
  • Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы орналастыра алады. Ол үшін алдымен порталға тіркелу қажет; (Онлайн тіркелу қиындыққа соқса, madeniportal@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады)
  • Конкурсқа қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
  • Интернеттен жүктелген жұмыстар (плагиат) қабылданбайды.
  • Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде сатира жанрында бұрын жарияланбаған шағын әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.
  • Қатысушы шығармасын «Мәдениет порталына» тіркеліп, жолданған соң, модерациядан өткенен кейін 24 сағаттың ішінде онлайн түрде жарияланады.
  • Осы Ережеде көрсетілген байқау талаптарына сәйкес келмейтін, бұрын жарияланған, осы байқаудың мерзімдерін сақтамаған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.
  • Жазбалар  2020 жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады. Байқаудың қорытындылары мен марапаттау рәсімі 2020 жылдың тамыз айының басында Павлодар қаласында өтеді.

Шығармаларды бағалау талаптары


Қазылар алқасы байқауға келіп түскен шығармаларды келесі негізгі талаптар бойынша бағалайды:

  • шығарманың өзектілігі, көркемдік мазмұны;
  • тақырыптың ерекшелігі мен маңыздылығы;
  • жұмыстың өзіндік ерекшелігі және мазмұндаудың стилі;
  • сатира сипатын жасаудағы шеберлігі;
  • сынға алып отырған оқиғаны сатира тілімен бейнелеуі;
  • қызықты идеяның, жарқын бейненің болуы;
  • жанрды дұрыс қолдана білуі.
  • Порталға орналастырылған шығармаларға оқырмандар онлайн дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. 
  • Дауыс берудің нәтижесі Конкурс қорытындысын шығару кезінде есепке алынады. 


Жүлде қоры

1. «Қадыр Тайшықов» атындағы I жүлде (300 мың теңге);
2. «Жүсіпбек Аймауытов» атындағы II жүлде (200 мың теңге);
3. «Рақымжан Жаманқұлов» атындағы III жүлде (100 мың теңге);
4. «АҚБЕТТАУ» журналының арнайы жүлдесі;
5. Рамазан Тоқтаров атында арнайы жүлде;
6. Үш \ 3\ қаламгерге ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.


Шығармалар авторға кері қайтарылмайды. Жүлделі орынға ие болып шақырту алған қаламгерлердің жол қаражаты жіберушілер тарапынан өтеледі.

Мекен жайымыз: 
Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 1,
Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы 
және мәдени-сауық қызметі орталығы.



Қосымша конкурс туралы ақпараттарды "Мәдениет порталының" facebook және Telegram желісіне жазылып бақылай аласыздар.

Құрметпен, "Мәдениет порталы" 



Жаңалықтар

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық ақын әрі журналист Серік Боқанның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды madenip...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде подполковник пен хуторлық Хасанның бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды made...