Шымкентте жаңа қосылған шырша өртенді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2600

Шымкентте жаңа жылдық шырша тұтанды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Шымкент қаласында жаңажылдық шыршаны жағу рәсімі 21 желтоқсан сағат 17.00-ге жоспарланған болатын.

Жаңажылдық бұл рәсімді тамашалауға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары шыршаның шын мәнінде жағылғанына куә болды. 

"Нұрсәт" ықшамауданындағы "Астана" алаңында жайқалып тұрған әсем шырша көпшіліктің көз алдында өртке орана бастаған, дегенмен тілсіз жау жиналғандардың мерекелік көңіл күйіне кері әсерін тигізген жоқ. Жоспарға сәйкес, сахнада әнші мен бишілер үздіксіз өнер көрсетіп жатты. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер 4 минутта сөндіріп үлгірген. Өрт салдарынан шыршаның 0,2 шаршы метр аумағы жанып кеткен.

“Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт 4 минут ішінде, яғни сағат 18:13-те оқшауланып, 18:20-да толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар болған жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті жаңажылдық мерекелермен байланысты іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді”, - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменінің баспасөз қызметі. 

 

Шоу-бизнес

Бішкекте өткен Шакираның концерті Қырғызстанға мыңдаған шетелдік туристің келуіне себеп болды. Қырғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында балабақша қызметкерлері мінген көлік ауыр жол апатына ұшырап, үш әйелд...