Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді

КИНО
1156

Британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) туралы бейнесюжет жариялады.

Фильмде Елеусіновтің кәсіби мансабын бастаған кезі, одан кейінгі дамуы және жекпе-жектің сыртындағы сәттер көрсетілген. Айта кетсек, Данияр коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-та карантин жарияланғандықтан, Бойнтон-Бичте (Флорида штаты) қалып қойды. Елеусіновтің кәсіби мансабына келер болсақ, ол келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық боксшы Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы өткізуі керек. Matchroom Boxing компаниясын тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұмыс істейді. Бұл компанияны Эдди Хирн басқарады.

Элмира Жақсыбайқызы

Жаңалықтар

Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Оқи...

Жаңалықтар

Қазақстандық әнші Жанар Айжанова әлеуметтік желіде тараған талғарлық Хасанмен бірге түскен суретіне...