Жақында «Абди компани» АҚ-ның қолдауымен Қазақстанда екі тарихи кейіпкер – қазақ п...
Уақыт деген не? Уақыт неге зымырайды?
13212
«Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір кезде болмайтындығымен тікелей байланысты» деп Альберт Эйнштейн айтып кеткен. Психолог мамандардың айтуынша, уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдайды.
Бұрыннан байқағанымыз – адамның жасы ұлғайған сайын уақыт зымырап бара жатқандай көрінеді. Бұл пікірімізбен ВВС қызметшісі журналист Клаудиа Хэммонд та келісіп отыр. Мұнымен қатар, адам жайбарақат күйде болғанда уақыт зымырап бара жатқандай көрінсе, бір нәрседен қорыққан кезде керісінше уақыт тоқтап қалады. Оның зерттеуі бойынша, уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз уақыт тез өтіп, мылжың, бос сөзді көп айтатын немесе пессимист адамдармен бірге болсаңыз уақыт жүрмей қояды. Осы секілді ВВС журналисті Алан Газ секторында тұтқында болған кезінде уақыт тіпті өтпей қойғандығын айтады.
Осы күнге дейін ғылымның өзі уақытқа нақты анықтама берген жоқ. Біреулер уақыт бір орында тұрады, тек біз оны баспалдақ сияқты аттап өтудеміз десе, енді біреулері ол өз жолымен жүруде, біз ілесуші ғанамыз деп жауап беруде. Зерттеулер көрсеткендей адам миында немесе ағзасында нақты уақытты есептеп отыратын бөлшек жоқ.
Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибие жасап көрді. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана біліңіз.
Уақыт туралы нақыл сөздер:
Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді. Уақыт ойымыздан да жүйрік. Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз. Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді. Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа. Уақыт – керемет ұстаз, алайды шәкірттерін өлімге қиятыны жаман. Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз. Әр күнің – жаңа өмір.
Уақытты үнемдеудің 25 тәсілі:
1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударға кедергі болады. 2. Уақытты бағалаңыз. Ол да біздің қолымыздағы байлықтың бір түрі. 3. Немен айналысу керектігін күнделікті біліп отыру үшін істелінуге тиісті істердің тізімін жасап отырыңыз. 4. Мүмкін болған жағдайда жұмысты басқаларға тапсыру керек. 5. Сіз айналысуға тиісті емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз. 6. Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алып, ысырап етулеріне жол бермеңіз. 7. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз. 8. Тек өз жеке басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Бұған сіздің хақыңыз бар. 9. Сізбен тіке байланыса алатын адамдарды белгілеңіз. Тек шынында соған мұқтаж адамдарға ғана сондай мүмкіндікті беретін болыңыз. 10. Егер біреу сізбен жолыққысы келсе, одан неге керек болып қалғаныңызды сұрап алып, содан соң ғана онымен кездесуге тұра ма, тұрмай ма, соны шешіңіз. 11. Біреу сізбен кездесуге келгенде, оны орныңыздан тұрып қарсы алыңыз. 12. Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болу керек. 13. Кездесуді кейінге қалдыруды ұсыныс етіңіз. Өз уақытыңызды тиімді қолдана біліңіз. 14. Кездесуді кездесетін адамның кабинетінде өткізіңіз. Сонда СІЗ ӨЗІҢІЗ ҚАЛАҒАН уақытта кете аласыз. 15. Егер сіз орындыққа емес, үстелдің шетіне отырсаңыз, сізбен жолығуға келген адам ұзақ уақыт отырып алмайды. 16. Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз. 17. Басқа адамдардың уақытын алмаңыз. Бұл үшін олар сізді құрметтеп, сізге одан да жақсы қарайтын болады. 18. Кездесуді өткізерден бұрын оны қалай өткізетініңізді жоспарлаңыз. 19. Телефонмен сөйлесу керек болғанда, бірнешеуін жинап, біртіндеп телефон соғып шығуға тырысу керек. 20. Талқылағыңыз келетін сұрақтарды жазып алу керек. Сонда оларды азырақ өзгертуге тура келетін болады. 21. Телефонмен сөйлескенде уақыт туралы ұмытпаңыз. 22. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесі жұмысқа кірісетін болыңыз. 23. Әрбір іспен тек бір рет қана жұмыс істеңіз. 24. Басқаларды күтуге, жол жүруге арналған, т.б. уақытты да пайдаланы біліңіз. 25. Бәріне көрінетін жерге сағат іліп қойыңыз. Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай