"Менің атым Қожа" түрік тіліне аударылды

ӘДЕБИЕТ
2242


Түркияның бас қаласы Анкараның Кечиөрен ауданында Қазақстан мәдениет күндері шеңберінде атақты балалар жазушысы Бердібек Соқпақбайдың "Менің атым Қожа" кітабының және осы туындының желісімен түсірілген фильмнің тұсаукесері болып өтті.

Қазақстан күндері аясында Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға марқұм жазушының қызы, жазушы, аудармашы Самал Бердібекқызы және немересі, сондай-ақ 1968 жылдары жазушы қызмет еткен "Балдырған" журналының Бас редакторы Дүйсен Мүсірәлі, Ақтөбе облысы әкімдігі мен Алматы облысы Жамбыл ауданының делегациясы арнайы келді.

Қазақ киноматографиясының 50 жылдан бері көрсетіліп келе жатқан «Менің атым Қожа» атты классикалық фильмі мен түрік тіліне аударған кітабының тұсаукесері бүгін  Кечиөрен муниципалитетінің Неджип Фазыл сахнасында болып өтті.

Астананың 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында түрік тіліне аударылған «Менің атым Қожа» атты шығарманың тұсаукесеріне Қазақстан өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Кечиөрен муниципалитеті лауазымдылары, Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлу, аудармашы Жәмиле Кынаджы және  киносүйер қауым қатысты.

Еуразия жазушылар одағы басып шығарған кітапты түрік оқырмандары үшін қазақ әдебиеттанушы Жәмиле Кынаджы аударған.

"Менің атым Қожа" кітабы 61, ал фильмі 10-нан астам тілге аударылған.

madeniportal.kz

author

Бердібек Соқпақбаев

ЖАЗУШЫ

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...