Қазақстанда қай президент "главный" – Елбасы Euronews журналисіне не деді

Жаңалықтар
1364

Қазақстанда екіұдайылық болмайды. Бір президент қана бар, сол сайланып, "сол главный болады". Бұл туралы XII Астаналық экономикалық форум барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Zakon.kz тілшісіне сүйеніп.

– Біз өткен жылдар бойы халықпен тығыз жұмыс істедік, саясатымыз дұрыс болды. Мен 5 сайлауға қатыстым, ешқашан 85%-дан төмен дауыс алмадым. Тұрақтылық пен өзара түсіністіктің арқасында біздер жетістіктерге жеттік. Бұл сарапшылардың, көрші елдердің бағасы, – деді Назарбаев.

Назарбаев негізі өзінің әлі де президент болып отыра беретін мандаты болғанын еске салды.

– Мен әлі де жұмыс істей алар едім, өз кандидатурамды шығарсам – жалпыхалықтық сайлауда жеңетінім 100% еді. Бірақ өзгерістер керек. Жаңа команда өз ойын, инновациясын енгізе алады деп ойлаймын, – деп атап өтті Елбасы.

Назарбаев қазір елде бірден екі президент жүргеніне байланысты да сөз қозғады.

– Мен бір жайсыздық туғызып отырмын, сіздерге кейде: "алдымен Тұңғыш Президент, сосын барып Президент" деуге тура келіп отыр. Осындай жағдай бар. Мен Қазақстанда екіұдайылық болмайды деп ойлаймын. Бір ғана президент бар, басты адам сол болады. Оны сайлағаннан кейін бәріміз соған жұмыс істейтін боламыз, – деді Назарбаев модератор, Euronews журналисі Штефан Гробенің сұрағына жауап бере отырып.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...