Ұлытау облысы Елтаңбасының ең үздік жобасына байқау жарияланды. Бұл туралы облысы әкімдігінің...
Алматыда Еуропа киносының апталығы басталды
Алматыда Еуропа киносының апталығы басталды, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, дәстүрлі шарада Ұлыбритания, Мажарстан, Германия және Францияның кинокартиналары көрсетіледі. Дәстүрлі шараның шымылдығын ұлыбританиялық режиссер Стивен Лавридждің "Матанги/Майя" атты деректі фильмі ашты. Кинокартинада Шри-Ланканың тумасы Матанги Арулпрагасамның өмірі туралы баяндалады. Танымал әнші туралы туынды ТМД аумағында тұңғыш рет көрсетіліп отыр.
"Кезекті Еуропа киносының апталығында бұрынғыдан қысқа форматты таңдадық. Апталықта еңбек жолын енді бастап жатқан жас режиссерлардың туындылары көрсетіледі. Олардың фильмдері осы уақытқа дейін киносыншылардың жоғары бағасын алған. Сондай-ақ, талай халықаралық кинофестивальде жүлделерді иеленген", - деді Британ кеңесі маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Елена Сим.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр көрерменнің қалауына сай келетіндей түрлі жанрды қамтитын бағдарлама құрылған. Апталық аясында неміс режиссерінің "Қатарлар арасында", "Күн сәулесін кіргіз" мелодрамасы және "Юпитердің жерсерігі" атты фильмдер көрсетіледі.
Жалпы, шара аясында кәрі құрлық мемлекеттерінің аса танымал 4 кинотуындысы көрсетіледі. Арнайы іріктелген картиналардың барлығы еуропалық болмыстан сыр шертіп, ондағы халықтың тыныс-тіршілігін баяндайды.
Айта кетейік, Еуропа киносының апталығы 27 мамырға дейін өтеді. Еуропаның шынайы бейнесін жаңа қырынан танытатын тың картиналар "Арман" киноорталығында көрсетіледі. Жұртшылық назарына ұсынылатын барлық туындылар орыс тіліндегі субтитрлармен түпнұсқада берілетін болады.