«Алтын домбыра» айтысында топ жарған Мақсат Ақановқа Қарағандыдан үш бөлмелі пәтердің кілті берілді

ЖАҢАЛЫҚТАР
1956

Астанада өткен жылдың қорытынды «Алтын домбыра» айтысында топ жарған Мақсат Ахановты жерлестері ерекше қошеметпен қарсы алып, облыс әкімі үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Айтыскерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қабылдап, үш бөлмелі пәтердің кілтін берді.

Айта кетейік, Amanat  партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра»  сөз сайысында  еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысып, «Алтын домбыра» мен арнайы жүлде – автокөлікті Мақсат Аханов жеңіп алды.

Бұл сында бірінші орынды қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан иеленсе, екінші орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға бұйырды. Ал үшінші орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина өзара бөлісті.

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...