Қуыршақ театры гастрольдік сапардан оралды

ТЕАТР
2100

Театр – тазалық пен әсемдіктің ордасы. Театрдың сонау XI ғасырдан бергі қалыптасып, сан ғасырлар бойы өзгеріп, дамып жатқанымен өзгермеген бір ғана тұсы бар. Ол – оның адамзат алдындағы қызметі. Жылдар бойы қай елдің болмасын мәдениетін кемелдендіріп, өркениетін асқақтатып жатқан театр өнер саласы мәңгілік. Алматы қаласында еліміздің тұңғыш Қуыршақ театрының 1935 жылы негізі қаланып, ұлы өнер жолында балаларға арнап тырнақ алды қойылымдарын көрсете бастады. Содан бері міне, үш ширек ғасырдан аса уақыт өтсе де, қуыршақ театры өзінің көрермендерін қуантып келеді.  

Адамдар театр өнері арқылы бойына жетіспейтін бостандық пен өнерге деген махаббатын арттыруға тырысады. Қуыршақ театры артистерінің бір ерекшелігі сол, қуыршақты жүргізу әдісін шебер меңгеріп қана қоймай, сиқыр мен ертегі әлемінен әлі ажырай қоймаған кішкентай көрермендердің сенімін еселеу болып табылады. Ол үшін жасалатын жұмыстың ұшан теңіз екені айтпаса да белгілі. Баланың көңілі пәк, сахнада сомдалып жатқан әрбір кейіпкердің айтқан сөзіне, жасаған әр қимылына сенеді. Сондықтан да қуыршақ театрының артистеріне өз жұмысында бір мезет болсын босаңсып, сахнада бөтен ойға жол берілмеуі керек екені хақ. 

Қуыршақ театры тек қана балалар үшін жұмыс жасайды деген қағидадан арылуымыз қажет. Өйткені кішкентай бүлдіршін болсын, мейлі ересек адам болсын өнерді тану, сезіну ол ерекшелікті талап ететін нәрсе. Қазіргі таңда театрымызда жасөспірімдерге және ересектерге арналған қойылымдар бар. Соның бірі фестивальдерден көпшілікке танылып жүрген «Ана – жер ана» спектаклі.

Сәуір айының 20-22  аралығында Қазақстанның халық жазушысы Т.Ахтановтың 95 жылдығына арнап Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен III Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды қойылымдар фестиваліне Ресей, Қазақстан елдерінің жүйріктердің ішінен дараланып шыққан таңдаулы қойылымдар қатысты. Фестивальде өнер ұжымы тұтас халықтың қиян-кескі соғыс уақытында шеккен зардабын, жетімдік пен жесірліктің ауырпалығын сезіндірген, жүректілік пен батырлықты қатар ұстап, елін қорғауға кеткен азаматтарды зарыға аңсау, тыл еңбегінің жәй-күйін еш боямасыз көз алдыңызда өрбітетін, бір отбасының өмірі арқылы халық өмірін суреттеген «Ана–Жер ана» (авт. Ш.Айтматов, реж. Д.Жұмабаева) қойылымы арқылы фестивальге өзіндік леп әкеле білді. Аталмыш фестивальде театрымыздың дарынды жас актрисасы Дамира Иса Әлиман рөлі үшін «Ең үздік дебют» номинациясымен марапатталды. Қуыршық театры үшін бұл қойылым жаңа форматтағы жұмыс деп жоғарыда айта кеткеніміздей, жаны жоқ қуыршақтың шеберлік арқылы мұңайуы, оның жылауы арқылы авансценада отырған көрермен мен артист арасында тығыз байланыс орнату басты мақсаттардың бірі болды. 

Фестиваль аяқталысымен театр ұжымының бағыты Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына гастрольдік сапарына ұласты. Түбі сонау тарих қойнауынан сыр шертетін Ақтөбе облысына театр сәуірдің 19 мен 23 аралығында, ал сәуір айының 26 мен мамырдың 6 аралығында Батыс Қазақстан облысында гастрольдік сапарға аттанып қала, аудан орталығы, елді-мекендерді аралап өзінің репертуарындағы таңдаулы  «Қуыршақ думан» (реж. С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова) , «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» (авт. М.Дългачева, реж. К.Андреева) атты спектакльдерін халық назарына ұсынып, кішкентай бүлдіршіндерімізді қуантты. Ақтөбе қаласындағы мектептерде оқушыларға Африка елінің орман аймағының патшасы арыстанның күлкілі жағдайда бойын үрей билеп, патшалықтан мән кетіп патшаның ауруы жайлы тотықұс аңның бәріне хабарларлап орман тыныштығының кеткені суреттелетін «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» қойылымы ұсынылды. Спектакль барысында арыстан ауруының себебі – қорқыныш! Көңілді әуеннің ырғағына құрылған, жарқын әрі қызықты қойылым тек сахнада ғана емес, залдағы кішкентай көрермендерді де көмекшілер мен қатыстырушыларға айналдырып қазіргі театрдың жаңашыл форматында өтті, яғни балалармен еркін қарым-қатынас орнату және балалардың ой өрісінің дамуына әсер етіп қана қоймай, ширақтыққа үйрету. 

Ал Батыс Қазақстан облысында театр ұжымы сәуір айының 24 мен 6 маусым аралығында «Қуыршақ думан» концерттік қойылымын Жайық жұртшылығының назарына ұсынған болатын. Әуезді ән мен әсем би, Украин, Армения және Балтық елдерінің өнерпаздарының қуыршақ бейнесіндегі өнерін тамашалап келген бастыстық ағайынды өнермен бір сусындатқан етін. Ыстық ықылас пен ілтипатпен қарсы алған көрермендер театр ұжымына алғыстарын айтып, келер жылы да асыға күтетіндерін жеткізді. 

Мемлекеттік қуыршақ театры «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында күні кеше кезекті гастрольдік сапардан оралды. Бұл жолы Жамбыл облысынның өнерсүйер көпшілігін «Қуыршақ думан» (реж. С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова), ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері мен әндеріне өрнектелген «Мен деп ойла» (реж. М.Тауекелова) атты қойылымдарын 16 мамыр Шу қаласының, 17 мен 18 мамыр Меркі ауданының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынды. 

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының бұл жылдың бірінші жартысын қорытындылайтын жұмыстары. Алда әлі де тынбай жұмыс жасап, қазақ қуыршақ өнерінің дамуына орасан істер жасалатынына сенімдімін. Қажырлық пен еңбек жүрген жерде қашанда жеңістің дәмі жүретінін ұмытпайық. 

Гүлдана Жамалбек

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...