Сәдібек Түгелдің шығармашылық кеші өтті

Жаңалықтар
2289

Астанананың 20 жылдығы, Целиноград аудананың 90 жылдығына орай аудан орталығы Ақмол ауылы Мәдениет үйінде белгілі қаламгер, көркем публицистикалық мақала-очерктерімен ел құрметіне бөленіп жүрген жазушы әрі журналист, Целиноград ауданының құрметті азаматы, Қазақстан бойынша 2017 жылдың «Ең үздік қоғам қайраткері» және Халық сүйіктісі атанған Сәдібек Түгелдің «БАҚ ҚОНЫП ҚҰТ ДАРЫҒАН МЕКЕНІМ- ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫМ!» - атты тамаша шығармашылық кеші өтті.

 

Кеш аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының орындауындағы домбыра ансамблінің күмбірлі күйімен ашылды. Жиналған қауым ең алдымен Сәдібек Түгел жайында, шығармашылығы және аудан туралы қысқаша бейнероликтің көрсетілімін тамашалады. Шығармашылық кеште қоғам қайраткерлері, жазушының әріптестері, қаламгерлер, аудандық әкімдіктің қызметкерлері, аудан тұрғындары, оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты. 

Кеш барысында ауданның 90 жылдығына арналған «БАҚ ҚОНЫП ҚҰТ ДАРЫҒАН МЕКЕНІМ-ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫМ!» - атты Сәдібек Түгелдің кітабының тұсаукесерін аудан әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлы және Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, ақын Бауыржан Қарағызұлы кесті. 

Жаңажол ауылымен Ақмол орта мектебінің оқушылары қаламгердің әңгімелерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар республикаға белгілі талантты скрипкашы Мусахан Турунтаев, кино саласының майталманы, Халықаралық кино жобалардың атқарушы продюсері, әнші, әрі ақын, композитор Тоғжан Муратова, аудандық Мәдениет үйінің әншілері Ардақ Тусупов, Жадыра Бөрібаева, Еркебұлан Қасымов, Фариза Едресовалар ән шырқап, өнерлерін тарту етті. Келген қонақтар, әріптестері, жиналған қауым, ауыл жұртшылығы Сәдібек Түгелді құттықтап қоғамның игілікті өміріне белсене араласып, төл мәдениетіміздің дамуы мен руханиятымыздың өркендеуі жолындағы қажырлы қызметіның табысты болуына тілектестіктерін жеткізді. Құттықтауларын жеткізушілердің қатарында Анатолий Құлназаров ағамыз, құрметті сот ардагері Талғат Омар, Регби федерациясының президенті Мұрат Уанбаев, Қазақ радиосының құрметті ардагері Күләш Молдахметова, жас талантты суретші Жәнібек Нұрбек, аудандық газеттің ұжымы, кітапханашылар, сүйікті оқырмандары болды.

Мәдениет үйінің фойесінде автордың еңбектеріне арналған аудандық кітапханашылардың көмегімен кітаптар және фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Онда Сәдібек Түгелдің кітаптары, журналдары қойылып, қол жеткізген жетістіктері баяндалады. Атаулы шығармашылық кештің маңызы өте зор, мәнді болды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаушы, ардақты азамат, қарымды қаламгер, белгілі журналист ретінде жақсы таниды. 

Сәдібек Түгел өмір шындығын дара қолтаңбаңасымен шебер бейнелеп, оқырманның шынайы құрметіне бөленген, есімі көпшілікке кеңінен танымал қаламгердің бірі де бірегейі. Целиноград ауданының құрметті азаматы Сәдібек Түгелдің бұл кеші ауданның 90 жылдық тойына арнауы үлкен қуаныш болды. Кешті белгілі журналист, публицист «Время Астаны» газетінің бас редакторы Қаматай  Қамидоллаұлы жүргізді. Аудандық әкімдіктің қолдауымен өткізілген жазушының шығармашылық кеші жоғарғы деңгейде өтті. Сәдібек Түгел кеш соңында жиналған қауымға, кешті ұйымдастыруда қолдау көрсеткен жергілікті әкімдік қызметкерлеріне, Ішкі саясат бөліміне, апарат басшысына, маслихат хатшысына, аудан әкімінің орынбасарларына, аудандық Мәдениет үйі қызметкерлеріне алғысын айтты. 

Дидар Оралбекұлы


author

Сәді-Бек Түгел

ЖАЗУШЫ

Мемлекет басшысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Айтулы күнде мемлекет ба...

Жаңалықтар

Шымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді...