Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күрестің жолдар...
«Күйеуімнің қарыз екенін білмедім»: Индира Елемес Арман Дүйсенов жайлы өз шындығын айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
46
Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әнші күйеуінің марқұм Арман Дүйсеновке қарыз екенін білмегенін айтты.
«Күйеуіммен бір мерекелік кеште таныстық. Қазір бәрі жазып жатыр ғой, екінші әйел басқасы деп. Мен танысқан кезде ол заңды некеде болмаған. Арамыз 19-20 жас. Ол кезде өте сұлу болды ол кісі. Екі достың арасында ондай қарыз барын білмедім. Төлеп жатқанын да білмедім. Тек маусым айында Айсұлу ханымнан ғана естідім. 67 млн алғанын ол кісі жоққа шығарды. Қайта маған өздері қарыз деді», - деді Индира Елемес.
Айта кетейік, марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі халыққа шұғыл үндеу жасаған еді.