Туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген: Шымкентте өз баласына қорлық көрсетіп келген ер адам қамалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
730

Шымкентте туған қызын жылдар бойы зорлап келді деген күдікпен бір азамат ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шымкент қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды ұзақ жылдар бойы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Бұған дейін адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желілерде хабарлағандай, қыз бала 11 жастан 15 жасқа дейін туған әкесінің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырап келген.

«Күдікті қысқа мерзім ішінде ұсталды. Сот шешімімен оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау жазасы тағайындалды»,  деп хабарлады Шымкент ҚПД баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...