«Українські Новини» мен «Украіінська родина»

Жаңалықтар
2103

Қазіргі таңда елімізде ресми түрде 50-ден астам ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Телеарналар мен радиолар да жетерлік. Газеттер мен журналдар, телеарналар мен радиолар неміс, армян, беларусь, татар, украин, корей, күрд, өзбек, ұйғыр және басқа тілдерде шығарылады. Әрине, олардың ешқайсысы қазақ тілін шет қалдырған емес. Барлық шығарылған бағдарламалар мен мақалаларда өзге ұлт өкілдерінің ана тілімен қоса мемлеткеттік тіліміздің де кең насихатталып жатқанын айтқанымыз жөн. Осыған орай украин этносының 27 жыл бойы үздіксіз тыңдарман қауымға жол тартып келе жатқан «Украіінська родина» радио бағдарламасы мен республикалық «Українські Новини» газетінің құрылу тарихы, мақсат-мүддесі жайлы аз-кем сөз қозғадық. Мархаббат! 

Республикалық «Українські Новини» газеті

Республикалық «Українські Новини» газеті – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында - 1994 жылдың басында құрылды. Газеттің алғашқы саны да сол жылдың 14 шілдесінде жарық көрді. 

Газетті құрудың бастамашысы және оның алғашқы бас редакторы, филология ғылымдарының докторы, белгілі түрколог, көрнекті қоғам қайраткері және «Тілдер туралы Заң» авторларының бірі Александр Николаевич Гаркавец болды. 1989-2000 жылдар аралығында Александр Николаевич Алматы украин мәдени орталығын басқарды, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Міне, сол уақытта аталмыш республикалық газет де шыға бастады. 

90-жылдардың басында Қазақстанда украин газетінің құрылуы ерекше өзекті болғаны сөзсіз, өйткені халық санағы бойынша сол кезде біздің республикада миллионға жуық украиндықтар өмір сүрді. Қазіргі таңда бас редакторы, Тарас Чернега.

Облыстық «Украіінська родина» радио бағдарламасы

27 жыл бойы 800 мыңнан астам тыңдарманы бар Павлодар облыстық "Халық" радиосының эфирінде Т. Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігінің "Украинская родина" (Украинская семья) хабары шығып келеді. Онда белсенділер халық мерекелері, диаспораның атақты адамдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өмірі, Украина тарихы мен Павлодар өңірінің этномәдени бірлестіктері және олардың күнделікті жұмысы туралы әңгімелейді.

1994 жылы украиналық ЭКО жетекшісі Михаил Парипса аталмыш бағдарламанының негізін қалады. 30 мың адамды қамтитын 700 минуттық эфир уақытында белсенділер тұрғындар мен қонақтарға украин халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы, олардың жұмыстары туралы айтады, Украинаның мәдениеті мен спортының соңғы жаңалықтарымен бөліседі, музыкасымен таныстырады, туған күн иелерін құттықтайды және тағы басқалар. Бағдарлама әр айдың бірінші бейсенбісінде сағат 14.15-те шығады.

Айта кету керек, Т. Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істейді. Үш жылдан кейін белсенділер сүйікті бағдарламасының мерейтойын атап өтеміз деп ниеттеніп отыр. Осы уақыт ішінде украин тілінде 182 шығарылым радио толқынына шығарылды.

- Жүргізушілердің дауыстары тыңдармандар мен жанкүйерлерге жақсы таныс. Олар өз ұсыныстарын жібереді, алғыс айтады және талқылау тақырыптарын ұсынады. Ал техникалық қамтамасыз етуді Павлодар радиосының қызметкерлері өз мойнына алды, — дейді Михаил Парипса.

Заман Төлеуов,

"Мәдениет порталы"

Ауа райы

Ақмола облысында дауылды ескерту жасалынды, деп хабарлады madeniportal.kz. Атырау облысында оң...

Жаңалықтар

Нью-Йорктің Оңтүстік округіндегі рэпер әрі продюсер П.Диддиге қарсы тағы 2 арыз түсті, деп хабарлайд...