Князь Мирзоев. 1 мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні

Жаңалықтар
1006

Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау Қазақстанның ішкі саясатының басымдықтарының бірі болып табылады. Осы орайда  Қазақстан халық бірлігі мерекесі 25 жыл қатарынан күнтізбеде маңызды күн ретінде аталып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Аталмыш мереке қарсаңызда бүкіл ел бойынша өткізілетін салтанатқа белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің дәстүрлі дін көшбасшылары, ғалымдар мен қалың жұртшылық өкілдері қатысады. Ал биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілетін 1 мамыр Бірлік күнінің маңызы зор.

Біздің Конституциямыз: "Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөйлемнен басталады. Осы сөйлемдегі бар жауапкершілікті мойнымызға ала отырып, 30 жыл ішінде тең құқылы азаматтар өмір сүретін мемлекет құра алдық деп мақтанышпен айтуға болады. Әрине, бұған қол жеткізу оңай болған жоқ, елдің қалыптасуы мен дамуы үшін азаматтардың бірлігінің маңызды рөлін атап өткен жөн. Бірліктің арқасында халқымыз орасан зор аумақты сақтап қалды, тәуелсіздікке қол жеткізді, нарықтық экономика құрды. Міне, бірлік пен ынтымақтың арқасында Қазақстан бүгінде бейбітшілік пен тыныштық мемлекетіне айналды.

Мемлекетіміздің ұстанған сындарлы саясатының арқасында қазақ топырағында өмір сүретін кіл халықтар барлық мерекелерді бірге атап өтеді. Мемлекеттік кіл мерекелерден жоғарыда айтқан бірлік пен ынтымақтың жұпары аңқып тұрады. Еліміздің жастары «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қорғалған ұланғайып даламыздың, біртұтатас халқымыздың құндылықтарын, Қазақстанның кез-келген азаматының когнитивінде ең асыл ұғым ретінде қарастырылатын Тәуелсіздігімізді, бірлігімізді, достығымызды ел болашағы жолында ақ ту қылып ұстайтын болады деген сенімдеміз. Әрине, бұл тек жастардың ғана емес, қазіргі таңда әрбір қазақстандықтың міндеті деп ойлаймын.

Қазақстан осында тұратын барлық адамдар, түрлі этностар мен діни сенім өкілдері үшін шынайы Отан болды. Соның ішінде Қазақстан күрдтері үшін бұл мерекенің маңызы зор. Күрдтер, еліміздің басқа да этностары сияқты, самиян қазақ даласында ортақ тарихи тағдырмен топтасқан ұлт өкілдері. Біз үшін бейбітшілік пен достықты, қоғамдық келісімді сақтау аса маңызды.

Елбасымыз бен Қазақстан азаматарының бірлігі арқасында әрбір этнос өз тілінде еркін сөйлейді, өзінің ұлттық мәдениетін дамытады. Біз, Қазақстан күрдтері, өзіміздің ұлттық мерекелеріміз бен салтанаттарымызды еркін өткіземіз, өз салт-дәстүрлерімізді сақтаймыз және дамытамыз.

Бұл жерде республика тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Қазақстан этностары достығының локомотивіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының, елдегі қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің бірегей институтының рөлін де атап өту қажет. Алдағы уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа атмосферада дамып, модерндік кеңістікте уақытпен бірге қадам басуы өте маңызды. 

Еліміздің ең айтулы мерекелердің бірі, 1-мамыр Бірлік күніне орай қауымдастық мүшелері республика бойынша концерттер дайындауда. Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының фольклорлық ұжымдары, "Мидия" күрд вокалдық – аспаптық ансамблі, "Sterk" (Жамбыл облысы), "Бахар" (Алматы қ.), "Барбанг" (Шымкент қ.), "Зазан" (Нұр-сұлтан Қ.) би-фольклорлық топтары жарқын әрі әсерлі өнерлерін көрермендерге ұсынуды жоспарлар отыр. 

Мерекенің символына бір-біріне жақын тұрған әрбір халықтың тұрғын үйін білдіретін алаңдарда жайылған ұлттық-мәдени орталықтардың этноауылдары айналады. Әр үйде сіз тұрмыстық заттармен, ұлттық киімдермен, әр халықтың мәдениетін көрсететін ежелгі экспонаттармен таныса аласыз. Этноауыл ортасында жайылған дастархан басында күрд қали мен қада, түрік пахлавасы, татар чак-чак, өзбек самсасының дәмін татып көруге болады.

Бірлік мерекесіне арналған халықтық серуен күні бойы жалғасады. Бұл жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын, адамдарды үлкен отбасына біріктіретін елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, өзара түсіністік және келісім мерекесі. Қазақтардың, орыстардың, украиндардың, кәрістердің, ұйғырлардың, қырғыздардың, өзбектердің, грузиндердің, немістердің, күрдтердің, әзірбайжандардың, армяндардың, түріктердің және басқалардың тарихы біздің еліміздің көпұлтты тарихының біртұтас бөлігін құрайды.

Князь Ибрагимұлы Мирзоев, 

«Барбанг» Күрдтер Қауымдастығының төрағасы

author

Князь Мирзоев

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...