-Бабаларым қазық қаққан кең дала,Көк бөрiдей ұлып тұр ма, тыңдашы?!Күмбiрлеген күй ағытып шанақтан,Т...
Франц Кафканың жаңа қолжазбалары жарияланды
Макс Бродқа қайтыс болғанға дейін өртеп жіберу үшін берген Франц Кафканың қолжазбалары, хаттары мен суреттері Израильдің Ұлттық кітапханасында бірнеше жылдар бойы қалпына келтіріліп, цифрландырылғаннан кейін арнайы сайтта жарық көрді.
Ф. Кафканың 1924 жылы туберкулезден қайтыс болғанға дейін М. Бродқа берген құжаттар арасында; 1907 жылғы «Елдегі тойға дайындық» хикаясының үш нұсқасы, еврей тіліндегі дәптер және 1909 жылғы өмірбаяндық қолжазбалар бар.
Аталмыш жарияланымда Кафканың суреттері, сонымен қатар Кафканың 1911 жылы Швейцарияға, Италияға және Францияға жасаған саяхаттары, Макс пен Софи Бродқа жазған хаттары қойылған.
Брод Франц Кафканың қолжазбаларын 1939 жылы Израильге әкелген. Шығармалар алдымен Бродтың хатшысы Эстер Хоффеге, содан кейін оның қыздары Эва Хоффе мен Рут Вислерге мұраға қалды.
Алайда Израильдің Ұлттық кітапханасы, Брод шығармаларды Э. Хоффе мен Р. Вислерге емес, кітапханаға мұра етіп қалдырды деген желеумен апалы-сіңлілерді сотқа берген еді.
Бірнеше жылға созылған сот процессінен кейін, 2016 жылы Израиль Жоғарғы Соты Кафканың қолжазбалары Израильдің Ұлттық кітапханасына тиесілі деген шешім шығарды. Осылайша, кітапхана қызметкерлері жазушыға тиесілі жинақты қалпына келтіріп бірнеше күн бұрын "Израиль Ұлттық Кітапханасы" сайтына жариялады.