Елордада «Желбіреген көк туым» атты мерекелік концерт өтті

Жаңалықтар
1042

ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Астана» концерт залында «Желбіреген көк туым» атты мерекелік концерт өтті. 

 

Концерттің мақсаты Ұлттық рәміздеріміз – Тәуелсіздігіміздің айғағы саналатын Ту, Елтаңба, Әнұранымыз елдігіміздің дәлелі, ерлігіміздің төл құжаты екенін көрсету. Бүгінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданып, осы тарихи оқиғаға байланысты жыл сайын елімізде Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.

Мерекелік концертте елімізге танымал өнер иелерімен жас таланттар өнер көрсетті. Олар: Майра Ильясова, Алтынай Жорабаева, Гүльнұр Оразымбетова, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Арайлым Рахым, Алтынбек Әбділда, ДОС, Нұрбол Балапанов, Рүстем Жүгінісов, Мұратбек Хайролда, Диана Май, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Парасат Отан және «Әлем» эстрадалық би ансамблі. 

Ұлттық  рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қайсарлық пен қаһармандығын, егемендігін, бабалардың арман-тілегін, еліміздің жарқын болашағын айшықтайтын құнды белгілері екені сөзсіз.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...