Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқа мәж...
Алматыдағы әйгілі «The Beatles» тобының ескерткіші
Әйгілі британдық «The Beatles» тобы жайлы естімеген адам аз шығар. Джон Леннон, Пол Маккартни, Джордж Харрисон және Ринго Старрдан құралған топ жиырмасыншы ғасырдың ең әйгілі топтарының бірі деген атаққа да ие болған. 1960 жылы құрылған «The Beatles» тобы алғашында американдық рок-топтарға еліктеп ән шығарып бастағанымен, бірте-бірте олардың өзіндік ешкімге ұқсамайтын стилі қалыптасты.
Жергілікті жұрт оларды «ливерпульдік төрттік» деп атайды. Өлеңдерінің көпшігін Джон Леннон, Пол Маккартни бірлесіп шығарған. Әйгілі «Rolling Stone» журналы «The Beatles» тобына барлық кезең бойынша әлемнің ең үздік орындаушылары деген атақ берген.
Жиырмасыншы ғасырда атағы жер жарған әйгілі топтың Қазақстанда да тыңдармандары аз болған жоқ. Оған дәлел Алматы қаласында бой көтерген «The Beatles» тобының ескерткіші.
Әншілердің атағы алпысыншы-жетпісінші жылдары жер жарып тұрғанымен, Алматыдағы ескерткіш тек 2007 жылы 15 мамырда қойылды. Ескерткіш қоладан жасалған. Авторы: Эдуард Казарян. Композицияда Пол Маккартни, Джордж Харрисон және Ринго Старр түрегеліп тұрса, Джон Леннон гитарасын қолына ұстап отыр. Көктөбе демалыс аймағында орналасқан бұл ескерткіш қонақтар мен жергілікті тұрғындардың сүйікті жеріне айналып үлгерген. Джон Леннонның жанына отырып суретке түсу үлкен сұранысқа ие.
Өкінішке қарай, кейбір адамдар ескерткішке жазу жазып немесе әншілердің басына шығып суретке түсіп, атақты топты қорлаған жағдайлар болаған. Қала басшылығы Ішкі істер қызметкерлерімен бірлесе отырып, мұндай бұзақылардың жазасын беруде. Қазақстандықтар ғана емес шетелдік қонақтардың да сүйікті орынына айналған «The Beatles» тобының ескерткіші келешек ұрпаққа мұра болып қала бермек.