Қазақ режиссеры "Киношок" фестивалінің арнайы сыйлығын алды

КИНО
401
Қазақ режиссеры Әлімжан Құдабаевтың фильмі "Киношок" фестивалі төрешілерінің арнайы жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, "Үздік ер адам ролі" сыйлығын қазақстандық актер Владимир Толоконников алды, - деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі кинофестиваль сайтына сілтеме жасап. "Киношок" фестивалі 2-9 қыркүйек аралығында Анапа қаласында өтті. Әлімжан Құдабаевтың "Мараттың видеосы" атты қысқаметражды фильмі "Жастардың қазіргі проблемасын экранда тамаша көрсеткені үшін" атты арнайы жүлдені жеңіп алды. Brod.kz сайтының мәліметінше, фильмде орта мектеп оқушылары жайлы баяндалады. Басты кейіпкер Марат туған күніне сыйлаған планшетке видео түсіреді. Нәтижесінде ролик жаңадан келген оқушы екеуінің арасында жанжалдың тууына себеп болып, бала қаза табады. Мараттың әкесі бар күшін салып, баласын жеткіншектерге арналған колониядан сақтап қалғысы келеді. "Коношок" кинофестивалінің барлық жеңімпаздарының тізімін мына жерден көруге болады.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...