Оразбек Есенбаев. Ескілік пен жаңашылдықтың сәтті синтезі

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2593

«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» "Папирус" айдарын қазақ суретшілерінің арасында ұйымдастырып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Аталмыш айдарда осыған дейін Дәуренбек Бекназаров пен Санжар Сырғабаевтың шығармалары және оған берілген анализдер жарияланған болса, келесі кезек суретші Аршын Қабылбектің жазған картиналарында. Пікір иесі – Оразбек Есенбаев.

Өте шебер, кәсіби суретші екені жұмыстарынан бір көргенде байқалады. Сонымен қатар өте ізденімпаз, әлемді жаңаша көзқараста қабылдайтын һәм қарайтын суретші. Кенеп бетіндегі ұйымдастыру қабілетіне, тақырып таңдау шеберлігіне таң-тамаша болмасқа шараңыз жоқ. Суреттерінде қолтаңбасы анық көрініп тұрған кескіндемеші. Суық және жылы түстерді ажыратуы, оны қай жерде қалай қолдану керектігін біліетін шебер. Картиналарына қарасаңыз бір бағытта ғана қозғалмай, образды ашуға тырысып, өзіндік өзгешелігі бар, тақырыбын таба білген, мақсатына жете білген жұмыстар екенін көресіз де соған сенесіз де. Шығармасы ескілік пен жаңашылдықтың сәтті синтезі. Аршынның қиялы ұшқыр, бояуды көруі, сезінуі ғаламат соны суреткер. Аршынның әлі де өзінің сурет ғаламшарын арши түскенін, бізге көз ләззат алатын жұмыстарын бере түскенін қалаймыз.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...