Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті онлайн форматта басталды, деп х...
Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды
Белгілі актер CANNES FILM AWARDS фестивалінің «Үздік Азия актері» номинациясын жеңіп алды.
"Өзім түсірілім алаңында жүрмін. Бұл жаңалықты Instagram арқылы білдім. Сол жақта белгілеп, құттықтап жатыр. Басында сенген жоқпын, продюсерлер хабарласып айтты. Сезінуге уақыт болмай, құттықтап жатқан кісілерге рахмет айтумен уақыт өтуде. Бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз ғой", - деді Дайыров Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айта кетері, актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Подсолнух" ("Күнбағыс") фильміндегі рөлі үшін алды. Ол фильмді Эля Гильманның ішінен шыққан баласына теңеп, барлық жұмыспен режиссердің өзі айналысқанын жеткізді.
Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.
"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.
madeniportal.kz