Осыдан бірнеше күн бұрын мәртебесіне сай емес әрекеттері үшін қызметінен босаған ...
Қазақстандық каскадерлер Голивудтың «Киллер кодексі» фильміне түсті
Қазақстанның «Nomad Stunts» каскадерлері танымал америкалық актер Сэмюэл Л.Джексонмен бірге «Киллер кодексі» фильміне түсті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Айта кетейік, Голивудтың «Киллер кодексі» фильмі әлемдік прокатқа шыққан болатын. Онда басты рөлдерді Сэмюэл Лерой Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар фильмді түсіру жұмысына «Nomad Stunts» тобындағы қазақстандық каскадерлер де жұмылдырылған.
«Жобаға жалпы «Nomad Stunts» тобының 10 каскадері қатысты. Айта кетерлігі, каскадерлер экшнге ғана жұмылдырылмай, қиын эпизодтарда басты кейіпкерлер рөлін сомдады. Сонымен қатар эпизодтық сахналарға актер ретінде де қатысты», - деп жазды «Nomad Stunts» тобы Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық актерлер бандиттердің, босқындар мен оққағарлардың, шекарашылар мен бейбіт тұрғындардың рөлінде ойнады. Туынды режиссері «Рояль казиносы», «Зорра маскасы», «Жатжұрттық» сынды фильмдермен жұмыс істеген мартин Кэмпбелл болды. Түсірілім жұмыстары Румынияда өтті.