Мемлекет басшысы Тамаш Шуйокты құттықтады

Жаңалықтар
79
Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйок­­ты Мажарстан Прези­денті лауа­зымына сайла­нуы­мен құт­тықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

– Сіздің орасан зор саяси тә­жірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, хал­қыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болаты­нына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стра­тегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қыз­метіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.

Жаңалықтар

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми...

Жаңалықтар

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы "асқан қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қу...