Мәдениет және өнер қайраткерлеріне «Абай» төсбелгісі табысталды

Жаңалықтар
1206

Елордадағы Достық үйінде Түркі мәдениетін және өнерін дамыту мақсатында құрылған «TURKSOY» халықаралық ұйымының бас хатшысы, ТҮРКСОЙ мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өтті. 

Іс-шара барысында ТҮРКСОЙ Президенті, жазушы Сұлтан Раев түркі мәдениет дамыту мен ілгерілетуге үлес қосқан бір топ мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттады. Олардың қатарында ақын Бауыржан Қарағызұлы, жазушы Айгүл Кемелбаева, жазушы-драматург Жолтай Жұматқа Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының «Абай» төсбелгісі табысталды.

Алқалы жиынға қатысқан Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚХА мүшелері, еліміздің көрнекті мәдениет және қоғам қайраткерлері 30 жылға жуық тарихы бар халықаралық ұйымның түркі жұртының руханияты мен мәдениетіне, атқарылған жұмыстарына тоқталды.

Салтанат Есенқұлова


Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...