Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституция күні

Жаңалықтар
1798

1995 жылдан бері 30 тамыз елімізде Конституция күні ретінде тойланып келеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Тәуелсіз Қазақстанның төл Ата заңының тарихы 1993 жылдан басталады. Дәл осы жылы еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданған болатын. 

1995 жылы қазір қолданып жүрген екінші Конституция қабылданды. Құжаттың жобасын әзірлеуге Қазақстанның заң саласындағы ірі тұлғалары, интеллектуал ғалымдар, аузы дуалы саясаткерлер түгел атсалысты. 

Соңғы жылдары Конституциямыздың әсіресе Франция Конституциясымен ұқсас тұстары көп екені жиі айтылып жүр. 

Өз тәуелсіздігінің 30 жылында Қазақстан түрлі сын-қатерден өтіп, дамудың бірнеше кезеңін артта қалдырды. 

Елдегі саяси элитаның пайымы мен уақыт талабына орай бағдарын бірнеше рет жаңалап, айқындады. Осы өзгерістердің бәрі Ата заңымызда да көрініс тауып келеді. 

Күні бүгінге дейін Конституция 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары реформаға түскен екен. 

1998 жылғы реформа аясында құжаттың 19 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті. Президенттің, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының мерзімі мен өкілеттіктеріне қатысты нақтылаулар болып, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жоғарғы жас шегі алынып тасталған осы кез болатын. 

Мәжіліс депутаттарын пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайлау тәжірибесі де осы 1998 жылғы түзетулерден кейін қолданысқа ене бастады. 

2007 жылғы реормалық өзгерістердің қорытындысы бойынша, пропорционалды сайлау жүйесінің аясы кеңейіп, соның негізінде Үкімет жасақтау ісіне партиялық фракцияларды араластырудың тетігі енгізілді. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие болып, өз өкілдерін белгіленген квота санына қарай Парламент Мәжілісіне, Сенатына жібере бастады. 

2011 жылғы өзгерісте Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізудің конституциялық негіздері қайта белгіленді. 

2017 жылы Конституцияның 25 бабына 33 түзету енгізілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Бес институционалдық реформа ұғымдары осы реформадан кейін саяси айналымға шықты. 

Ата заңымыздың 1-бабы бойынша Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. 

Мемлекеттің ең қымбат байлығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл – Конституцияның өзгермейтін ең басты қағидасы.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...