«Токио» Халықаралық кинофестивалінде «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтеді

КИНО
1646

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген режиссер Дәрежан Өмірбаевтің «Ақын» фильмінің әлемдік премьерасы 30 қазан мен 8 қараша аралығында өтетін Токио Халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі.   

Фестивалдің конкурстық бағдарламасына Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Иран, Әзірбайжан және Қазақстаннан 15 фильм енді. Шараны әйгілі американдық режиссер Клинт Иствудтың «Мужские слезы» атты жаңа картинасы ашады, онда ол өзі басты рөлді сомдайды.

Фестивальде барлығы тоғыз бөлім болады. Қазылар алқасын танымал француз актрисасы Изабель Юппер басқарады.

«Ақын» картинасында технология жедел дамып жатқан ғасырда қоғамға түсініксіз әрі маңызды болмай қалудан қорқатын қазақ тілді ақын туралы баяндалады. Сценарий неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» әңгімесінің негізінде жазылған.

Дәрежан Өмірбаев, фильмнің режиссері 

Фильмнің түсірілімі Алматы, Қапшағай, Атырау қалаларында, Махамбет Өтемісұлы кесенесінде, Алматы облысында өтті. Бас кейіпкер – Дидардың рөлін танымал әнші және музыкант Ердос Қанаев сомдады.    

Tokyo International Film Festival – FIAPF аккредиттеген Азиядағы екі фестивальдің бірі (Шанхайдағы халықаралық кинофестивальмен тең дәрежеде) және жалғыз жапон фестивалі. Ол Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдерін қоса алғанда төрт ірі әлемдік кинофестивальдердің бірі ретінде танылған.  

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...